«World Skills Kazakhstan» кәсіптік шеберлігі

11.12.18 күні Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде Жұмысшы мамандықтардың жігерін көтеру мақсатында «World Skills Kazakhstan» кәсіптік шеберлігінің Ұлттық чемпионатының колледжішілік кезеңі әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен өтті.

      

Конкурста колледж директорының ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Дыбысова Роза Текебайқызы «World Skills Kazakhstan» кәсіптік шеберлігі чемпионатының колледжішілік кезеңнің негізгі мақсатымен таныстырса, ал 3-7 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен республикалық «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберлік чемпионатында тәуелсіз сарапшылыққа қатысып келген колледж әдіскері Салқынбаева Фатима Давитбайқызы конкурстағы кездескен мәселелермен ой бөлісіп, бүгінгі қатысушы команда мүшелеріне сәттілік тіледі.

      

Сонымен бүгінгі колледжішілік кезеңде төмендегі құзыреттіліктер бойынша командалар:

  1. «Электромонтаждық жұмыстар» - құзыреттілігі бойынша арнайы пән оқытушылары Якубова Даметкен Құрманғалиқызы, Кеңесова Айгүл, Ибатова Айнагүл Сисенбайқызы жетекшілігімен

0901000 – «Электр станциялары мен желілерінің электржабдығы» және

0911000 – «Электр және электрлік механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша құрылған команда мүшелері;

  1. «Графикалық дизайн»

«Компьютерлік ойындар үшін 3D модельдеу»

«Web-үлгілеу» - құзыреттілігі бойынша арнайы пән оқытушылары Калимова Жаннұр Бейбітқызы, Исағалиева Зулфия Асхатқызы жетекшілігімен

1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» (Техник-бағдарламашы);

1305000- «Ақпараттық жүйелер» (Техник-бағдарламашы) мамандығынан құрылған команданы мүшелері;

  1. «Инженерлік дизайн CAD» - құзыреттілігі бойынша жалпы кәсіптік пән оқытушысы Жұбанышев Аманжол Жалғасұлы жетекшілігімен

30201 2 «Бақылау өлшеу аспаптары мен автоматика слесары» мамандығы бойынша құрылған команда мүшелері;

  1. «Майлау және безендіру жұмыстары» - құзыреттілігі бойынша арнайы пән оқытушысы Кенғанова Ақнабат Тахырқызы жетекшілігімен

1401000 – «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша команда мүшелері;

  1. «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар» бағыты бойынша:

- Информатика пән оқытушылары Абдуллаев Рүстем Балийханұлы мен Сейдахметова Айдана Қарғабайқызы;

- Арнайы пән оқытушылары Сақтағанова Маржан Дүйсәліқызы мен Сегізбаева ЖанарХожақметқызы;

- Алғашқы әскери дайындық пән оқытушысы Тоғызбаева Гүлайым Төлегенқызы жетекшілігімен командалар қатынасты.

      

Сонымен бірге колледждің арнайы пән оқытушысы Избасова Майра Баймұқанқызының жетекшілігімен 3ПГС – 16Б тобының студенттері  Каукенов Б. және Шаңытбаев М. «Майлау және безендіру жұмыстары» құзыреттілігі бойынша шебер сынып көрсетіп, көрерменге кәсіби шеберліктерімен танылды.

Чемпионатта құзыреттілік бойынша қатынасқан команда мүшелері өздеріне берілген тапсырмаларды уақыт бойынша орындап, өзара бақ сынасып, сайысқа түсті.

      

Сайыс соңында сарапшылар әрбір команда мүшелерінің өз құзыреттіліктері бойынша үлкен дайындықтарымен, терең білімдерімен және шығармашылық қабілеттерімен ұстаздарының сенімін ақтауға септігін тигізеріне сенімділікпен келгендерін және жоғары нәтижеге қол жеткізгендерін саралап айтып кетті.

Барлық құзыреттілік бойынша команда мүшелері Диплом және Сертификатпен марапатталды.