Қымбатты достар!

 

Құрметті  оқытушылар, ата-аналар, студенттер және оқу орнына қызығушылық танытқан жастар, талапкерлер!

Сіздерді О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің  сайтында көргеніме қуаныштымын. Әр адамның кәсіби өсу жолы – мамандық таңдау сәтінен және оқу орнынан басталады. Сонымен қатар, табысты  мансап та жақсы білімнен бастау алады.     

Біздің мақсатымыз – студенттерімізге сапалы және қол жетімді білім бере отырып, түлектеріміздің  мамандықтар бойынша сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету.

Бүгінде О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі 35 жылдық тарихы бар облысымыздағы 26 мамандық бойынша орта буын мамандарын дайындайтын, материалдық-техникалық базасы қамтылған, қазіргі заманға лайықты оқу орны.

Білім беру қызметтерінің сапасын арттыру  мақсатында  оқу  орны білім үрдісін  жүйелі жаңғыртып, жаңа технологияны нәтижелі қолданып, тәжірибеге бағдарланған оқыту моделін жүргізуде  біздің  оқытушыларымыз -   жеке тұлғаның қалыптасуына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар беруге бағытталған, ғылым мен тәжірибе жетістіктерін меңгерген жоғары кәсіби мамандар болып табылады.

Колледждің оқу – материалдық базасы спорт залы, акт залымен, кең көлемді кітапхана, оқу дәрісханалары, лабораториялар, шеберханалармен  заманауи үлгіде  жаңа технологиялармен  жабдықталған.

Біз білім беру барысында татулық және достық шеңберін құра отырып, әр студентке  саналы тәрбие мен сапалы білім беруге тырысамыз. Сапалы білім сіздердің алдарыңызда үлкен мүмкіншіліктер ашады.

О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің барлық қызметі сіздердің жан-жақты білім алып, қоғам өмірінің жаңа құбылыстары мен үрдістерін түсінетін, идеялық-адамгершілік, мәдениет және әдеп қағидаларының көзқарастары жүйесін меңгерген, сапалы білім алуға көмектеседі.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып  әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек деп ойлаймын.

Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ен дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Осы орайда оқытушыға қойылатын талаптар да өте зор.

            Мен сіздерді осы біздің колледж ұсынып отырған мүмкіндіктерді толық пайдалана отырып, шын мәніндегі өте жоғары білімді тұлға болып қалыптасады деген үміттемін және де сіздің білім алу жолындағы сапарыңызда шығармашылық және ғылыми еңбектегі жеңістер серік болсын, әрбір жаңа оқу жылы сіздің өмірдегі өз орныңызды тауып, ұлы еліміздің лайықты азаматы болып және басты мақсатыңызға жақындатсын деп тілегім келеді!

Сондай-ақ, қашан да көк байрағымыз желбіреп, тәуелсіздігін алған Қазақстанымыздың мәртебесін асқақтатып, мемлекеттік тіліміздің қадір-қасиетін ұғынып, үйренетін қазақстандық толыққанды азамат бейнесін қалыптастыруымыз керек деп ойлаймын. 

Сөз соңында ағартушы-ғалым А. Байтұрсыновтың : «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам – әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек» - деген сөздерімен  түйіндегім келеді.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Колледж басшысы:

Ускимбаев Танат Максимович

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау инустриалды техникалық колледжi

 

  • О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжi 16.03.1985 жылы Гурьев политехникалық техникумының филиалы негiзiнде құрылған.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы тамыздың 31-iндегі қаулысы негізінде Жаңаөзен мұнай техникумы; кейіннен Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiнiң 11.12.1995 жылғы №132 бұйрығы бойынша Жаңаөзен мұнай және газ колледжi деп аталған.
  • ҚР Үкiметiнiң 21.04.1999 жылғы №441 қаулысымен Жаңаөзен мұнай және газ колледжiне Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының есімі берiлген.
  • Маңғыстау облысының әкімдігінің 05.06.2017 жылғы №140 қаулысы негізінде Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі деп қайта аталды.

Колледжде бүгінгі күні 21 мамандық бойынша, олардың 15-і техникалық бағытта, орта буын мамандары даярланады:

  1. 0507000–«Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру»;
  2. 0510000-«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»;
  3. 0518000–«Есеп және аудит»;
  4. 0701000–«Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау»;
  5. 0801000–«Мұнай және газ скважиналары және бұрғылау жұмысының технологиясы»;
  6. 0802000–«Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану»;
  7. 0805000–«Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау»;
  8. 0807000–«Мұнай және газ өнімдерін техникалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету»;
  9. 0808000–«Мұнай өңдейтін және химиялық өнеркәсіп жабдықтарын техникалық күту және жөндеу»;
  10. 0809000–«Мұнай мен газ кен орындарын пайдалану»;
  11. 0819000–«Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»;
  12. 0901000–«Электростанциялардың электржабдықтары, кіші станциялар және желілер»;
  13. 0911000–«Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу»;
  14. 1108000–«Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету»;
  15. 1203000–«Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару»;
  16. 1302000–«Автоматтандыру және басқару»;
  17. 1304000–«Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»;
  18. 1401000-«Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану»;
  19. 1410000-«Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану».
  20. 0515000 – «Менеджмент» (қолдану аясы және салалары бойынша)
  21. 1305000 – «Ақпараттық жүйелер» (қолдану саласы бойынша) 

Білім алушылардың контингенті

  • Барлық студенттер саны - 1488,
  • Күндізгі бөлімде - 1160,
  • Сырттай бөлімде –

Дуалды оқыту жүйесі

  • 2014 жылынан бастап 0819000-«Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша біліктілігі 081907 3 – «Техник-технолог» қазіргі таңда 25 студент оқып жүр
  • 2017-2018 оқу жылынан бастап 0510000 – Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары және қолдану аясы бойынша), 0901000 – Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша), 0911000 – Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, 1203000 – Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару, 1302000 – Автоматтандыру және басқару мамандықтары бойынша  дуалдық оқыту жүйесімен оқиды.

Материалдық-техникалық  базасының жабдықталуы

  • Оқу корпустар – 3
  • Жоба қуаттылығы – 1525 орын
  • Соңғы 3 жылда 16 301 238 теңгеге колледждің базасы жаңартылған
  • Оқу корпустарында спорт.зал, 50 орындық асхана, 100 орындық акт залы, муражай, медициналық кабинет, 54 оқу дәрісханалары, 5 компьютерлік дәрісханалар, 1 шеберхана, 7 зертхана орналасқан. Барлық оқу дәрісханалары заманауи құралдармен жабдықталған, интернет желісіне  қосылған. 

Әлеуметтік серіктестер

  • АҚ”Озенмунайгаз”
  • ММ «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі»
  • ЖШС " Озен Мунай Сервис«
  • АҚ ҰК ”Қазақстан темір жолы” «Өзен»станциясы
  • КММ "Жаңаөзен қалалық мемлекеттік архив «
  • МКК "Өзенжылу«
  • МККҚ «Өзенэнергосервис»
  • ЖШС «Қаз ГӨЗ»
  • МҚКК «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі»
  • ЖШС «Кен-құрылыс-Сервис»
  • АҚ «Өзенпромгеофизика»
  • ЖШС «Бұрғылау»
  • ЖШС "Электр жүйелері«
  • ТОО "Авто-Коликс"
  • қонақ үй Ақсарай
  • АҚ «Евразиялық банк»
  • АҚ «БанкЦентрКредит»
  • ИП”Темірқазық”
  • ЖШС «ЛЮКС»

Модернизациялау және жаңа білім беру бағдарламаларды енгізу

Колледжі базасында ҚР БжҒМ 23 қыркүйек 2016 жылғы №572 бұйрығымен бекітілген «Мұнайгаз өндірісі» мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің шығармашылық тобы жұмыс жасайды.

«Мұнай–газ өндірісі» мамандықтарының оқу әдістемелік бірлестігінің орындаушы–эксперттері  оқу бағдарламалары мен жоспарларын өзектендіру бойынша мемлекеттік тапсырмаларды орындады

  1. 0819000- «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»,
  2. 0801000 – «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» (бейін бойынша),
  3. 0807000 – «Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»,
  4. «0808000 - Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» (түрлері бойынша), 
  5. 0803000 Компрессорлық стансалар мен жер асты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсету.

 Білім басқармасының 21.08.2017 жылдың  №104-нқ, №105-нқ бұйрықтары негізінде колледжде екі деңгейлі модульдік құзыреттілік негізінде оқыту жүргізілуде

Мамандығы,

біліктілігі

Курсы,

білім базасы,

студент саны

Қаржылан

дыру түрі

Оқу

тілі

Оқу мерзімі

Серіктестік

мекеме атауы

 0911000-«Электр және электр механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)», 091101 3 -«Электр механигі»

І курс,

негізгі орта білім, 25

Жергілікті бюджет

Мемлекеттік

3жыл

10 ай

ЖШС «Электр жүйелері»

ГКП «ОзенЭнергоСервис»

0510000 – «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» ( салалары бойынша)

051002 3  Іс қағаздарын жүргізуші

І курс,

негізгі орта білім, 25

 Жергілікті бюджет Мемлекеттік 

2жыл

10 ай

 
КММ «Жаңаөзен мемлекеттік мұрағаты» 

0901000 – «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)

090104 3- Техник-электрик

І курс,

негізгі орта білім, 25

Жергілікті бюджет

Мемлекеттік

3жыл

10 ай

АО «ӨзенМунайГаз»

1203000 – «Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару»

120301 2- 4-ші және 5-ші кластардың теміржол стансасының кезекшісі

І курс,

негізгі орта білім, 25

Респуб бюджет

Мемлеке

ттік

2жыл

10 ай

АО «Қазақстан темір жолы»

1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша):

130201 2 - Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі*

І курс,

негізгі орта білім, 25

Респуб бюджет

Мемлекеттік

2жыл

10 ай

АО «ӨзенМунайГаз»

1302000 – «Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)»

130202 3 Электромеханик

І курс,

негізгі орта білім, 25

Жергілікті бюджет

Мемлекеттік

3жыл

10 ай

АО «ӨзенМунайГаз»

 

Топ №

Мамандық

Біліктілік

Оқытудың нормативтік мерзімі

1-МП-0911-17Б

0911000 – Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану,

091102 2 – Жабдықтарды  жөндеу жөніндегі кезекші электр слесарі (слесарі)

3 жыл 10 ай

091103 2 – Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері

091101 3 – Электр механигі

1-МП-0901-17Б

0901000 – Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)

090103 2 -  Күштік тораптар мен электр жабдықтарының электр құрастырушысы

3 жыл 10 ай

090102 2 - Электр станцияларындағы электр жабдықтарын жөндеуші электр слесарі

090104 3 - Техник-электрик

1-АТП а

1 АТП б

1302000 – Автоматтандыру және басқару

130201 2 - Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі

3 жыл 10 ай

130202 3 - Электромеханик

1-КиПиА- 17РБ

1302000 – Автоматтандыру және басқару

130201 2 - Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі

2 жыл 10 ай

1-ДП-17Б

0510000 – Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары және қолдану аясы бойынша)

051001 2 – Референт-хатшы

2 жыл 10 ай

051002 3 – Іс қағаздарын жүргізуші

1-ТЖ-17РБ

1203000 – Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару

120301 2 – 4-ші және 5-ші класстардың теміржол стансасының  кезекшісі

2 жыл 10 ай


Жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберлік конкурсына қатысу

Графикалық дизайн

Web – бағдарламалау

IT желісін басқару

Электрмонтаждық жұмыстары

Тақтаспен қаптау

Электрмонтаждық жұмыстары

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсанындағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жүмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде,  БжҒМ 2017 жылғы 30 қаңтарындағы №35 бұйрығы және Маңғыстау облысының білім басқармасының 2017 жылғы 16 ақпанындағы №01.1-06/06-06/601 хаты негізінде  Ресурстық оқу орталығы құрылды. Ресурстық орталығы арқылы ашылған мамандықтар негізінде қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру жүргізілуде.

 

  • 0518000 – Есеп және аудит
  • 1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • 0809000 – Мұнай мен газ кенорындарын пайдалану

 

 

 

 

 

Колледжге басшылық жасаған директорлар

 

 

Қаламқалиев Мухит Хисметұлы, туған жылы – 24 тамыз 1944 ж.

           

1966 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітіріп, инженер-электрик мамандығын алды.

1982 жылы «Казсельхозмеханизация» ғылыми өндірістік бірлестік базасында сырттай аспирантураны бітірді.

1985 жылы 8 мамырда мұнай өнеркәсібі Министрлігінің №549-К бұйрығына сәйкес М. Х. Қаламқалиев Жаңаөзен мұнай техникумының директоры болып тағайындалды.

1989 жылы 5 қаңтарда мұнай өнеркәсібі Министрлігінің №19-К бұйрығымен оқытушы қызметіне өтуіне байланысты Жаңаөзен мұнай техникумының директоры лауазымынан босатылды.

15.09.1989 жылы байқау негізінде Гурьев политехникум директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары жұмысына тағайындалды.

 


Медиханов Қаржаубай Медиханұлы, – (30 наурыз 1946 ж. – 26 наурыз 2016 ж.)

 

1968 жылы Батыс Қазақстан ауыл-шаруашылық институтын толықтай курсын бітіріп, инженер-механик мамандығын алды.

1985 жылы Беларус политехникалық институтының жанындағы ғылым мен техниканың перспективалық бағыты бойынша арнайы мамандарды қайта даярлау факультетін бітірді.

1991 жылы Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кәсіпшілік машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша бітірді.

16.02.1989 жылы Қ. М. Медиханов «Актюбинскнефть» бірлестігінен мұнай өнеркәсіп Министрлігі бұйрығына сәйкес Жаңаөзен мұнай техникум директоры болып тағайындалды.

28.05.1998 жылы ҚР білім, мәдениет және денсаулық Министрлігінің бұйрығына сәйкес Медиханов Қаржаубай Медиханович Қазақ мемлекеттік техникалық университетінің Жаңаөзен қаласындағы    

Оқу-консультациялық бірлестігінің директоры ретінде бекітілді.

2000 жылы Медиханов Қаржаубай Медиханович басқа жұмысына ауысуына байланысты мұнай және газ колледжі директоры қызметінен босатылды.

 

 

Игібай Құрман Жылқышыұлы, туған жылы – 30 қазан 1948 ж

 

1972 жылы Гурьев педагогикалық институты, физика-математика факультетінің күндізгі бөлімін бітірді.

1967-1981 жылдар аралығында Игібай Құрман Жылқышыұлы Қызылқия поселкесіндегі №22 мектепте бастауыш сынып оқытушысы болып жұмыс жасады.

1981-1983 жылдары Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы №5 орта мектепте математика пәні оқытушысы.

1983-1985 жылдары Жаңаөзен қаласы №5 орта мектепте директордың оқу-тәрбие жұмыстарының орынбасары ретінде жұмыс атқарды.

1985-1988 жылдары Жаңаөзен қаласы №5 орта мектебінің директоры.

1988-1990 жылдары Жаңаөзен қаласы №1 орта мектебінің математика пән оқытушысы.

1990-1992 ж. ж. – Жаңаөзен қаласы №5 мектебінің директоры.

1992-1994 жылдары Тенге поселкасының әкімі.

1994 жылы – Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары.

1994-1996 ж. ж. – Жаңаөзен қаласының «Жәрдем» қайырымдылық қорының директоры.

1996-2000 ж. ж. – Жаңаөзен қаласының қалалық білім бөлімінің меңгерушісі.

2000-2006 жылдар аралығында О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің директоры.

2006 ж. денсаулығына байланысты колледж директоры жұмысынан босатылды.

 

 

Кизамбаев Көшбай Балапашұлы, туған жылы – 24 ақпан 1959 ж.

 

1974-1978 жылдары Небитдаг қаласындағы мұнай техникумында оқып, «Мұнай және газ скважиналарды пайдалану» мамандығы бойынша техник-мұнайшы квалификациясын алды.

Кизамбаев Көшбай Балапашұлы еңбек жолын «Туркменнефть» басқармасында оператор болып бастады.

1979-1981 жылдары әскер қатарында болды.

1989 жылға дейін Туркменнефть» басқармасында оператор болып қызмет етті.

1989-1993 жылдары «Узеннефть» бірлестігінде мұнай өндіру шебері, инженер, цех бастығы, өндіріс бөлімінің жетекші инженері қызметтерін атқарған.

1993-1996 жылдары «Алансервиз» біріккен кәсіпорынның бас директоры. 

1996-2002 жылдары ЖШС «Петролсервис» директоры.

2002-2004 жылдары «Өзен тұрмыс» ЖШС директоры.

2001-2005 жылдары Орта Азиялық университетінде оқып, мұнай және газ кенорындарын игеру мамандығы бойынша инженер квалификациясын алды.

2004-2006 жылдары «КазМұнайГаз» БӨ АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ – ның директоры.

2006-2007 жылдары «КазМұнайГаз», «Өзен Мұнай Газ» ӨФ-ның әлеуметтік жағдайлар жөніндегі директордың орынбасары.

2007 ж. ақпан – қыркүйек айларында О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі директоры қызметін атқарды.

 

 

Алипбаева Бибинур Саттарқызы, туған жылы – 15 желтоқсан 1953 ж.


1975 жылы Орал педагогикалық институтын тарих-филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

1983 жылы еңбек жолын Қызылсай кентіндегі №4 орта мектепте оқытушылық, директордың орынбасары; 1992-2000 жылдары Жаңаөзен қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі және мамандар бөлімін басқарған.

1999-2000 жылдары Жаңаөзен қалалық білім бөлімі жанындағы педтехнология орталығының директоры қызметін атқарып, 2000 жылдан бастап 2007 жылға дейін Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының жұмысын атқарды.

Ол «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша республикалық Оқу-әдiстемелiк бiрлестiк төрайымы қызметiн он алты жыл бойы атқарып келдi.

Сондай-ақ Бибінұр Саттарқызы оқу-өндірістік және оқу-әдістемелік орынбасарларына арналған орыс тілінде «Методика организации и планирования производственных работ в учебных заведениях профессионального образования» әдістемелік нұсқаулығылығын және «Кәсіптік білім беру оқу орындарында оқу-өндірістік жұмыстарды жоспарлау әдістері» оқу құралын дайындады, ол қазіргі таңда сынама оқулық ретінде апробациядан өтуде.

Б.С.Алипбаева «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, “Ы.Алтынсарин” медалімен, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен, ҚР БжҒМ Алғысымен, ҚР Президенті Алғысымен, «Жаңаөзен қаласының 40 жылдығы», «Жаңаөзен мұнайына 50 жыл»; «Маңғыстау облысына 40 жыл» және «За вклад в развитие образования» медальдарымен марапатталды.

2007 жылы О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің директоры болып тағайындалды.

2016 жылдың шілде айында зейнеткерлікке шығып, қазіргі таңда колледждің әдіскері қызметін атқаруда.

 

 

 

Ускимбаев Танат Максимович, туған жылы – 1 қазан 1964 ж. 


1990 жылы Қазақ политехникалық институтының «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау» факультетін тау-кен инженері; 2001 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Мұнай және газ кәсіпшіліктері машиналары мен жабдықтары»  факультетін инженер – механик біліктілігі бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын жолдамамен келіп, 1990 жылы Жаңаөзен мұнай техникумында арнайы пәндер оқытушысы болып бастап, 1992-1998 жылдары директордың оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1998-2000 жылдары Қазақ ұлттық университетінің Жаңаөзен мұнай және газ колледжі базасындағы филиалында «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша декан және аға оқытушысы, 2000 жылдан бері колледжде арнайы пән оқытушысы қызметтерін бір оқу орнында тапжылмай атқарып келеді.

Т.М.Ускимбаев республикалық «Мұнай-газ ісі» Оқу-әдістемелік бірлестігінің шығармашылық тобының мүшесі.

  • 0801000 – «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» мамандығы бойынша арнайы пәндерінен және кәсіптік тәжірибелерден;
  • 0809000 – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы» пәнінен;
  • 0807000 – «Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша «Бұрғылау машиналары және механизмдерi» пәнінен;
  • 0806000 – «Скважиналарды мұнай мен газға сынау» мамандығы бойынша «Бұрғылау ерітінділері және оны скважинаны сынау кезінде пайдалану технологиясы», «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы» пәндерінен, кәсіптік тәжірибелерден мемлекеттік және орыс тілінде типтік оқу бағдарламаларын дайындады;
  • 2009 жылы 0801000 - «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» мамандығы бойынша «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау технологиясы» пәнінен оқулыққа қосымша оқу құралын құрастырды (06.03.2009ж Шешім 1/4);
  • 2012 жылы дуальдық оқу жүйесіне арналған 0801000 - «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» мамандығы бойынша эксперименттік оқу жоспарын;

ҚР БжҒМ Техникалық және кәсіптік білім және біліктілік тағайындауды дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығымен келісім-шарт негізінде орта буын маманы техник-технологтар үшін және жоғары деңгей біліктілігін игерген жұмысшы кәсіптері үшін біліктілік тағайындаудың тест тапсырмаларын дайындады;

«Өзенмұнайгаз» мекемесінің жұмысшы мамандарын «Машиниста буровых установок», «Помощника бурильщика эксплуатационного разведочного бурения скважин на нефть и газ». мамандығы бойынша қайта даярлау курсы үшін оқу бағдарламасын;

«Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау технологиясы», «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау бойынша механиктің анықтамалығы», «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау, сынау және пайдалану» (мемлекеттік тілде) және «Технология бурения нефтяных и газовых скважин» (орыс тілінде) атты оқу құралдарын жазды, олар республикамыздың оқу орындарында апробациядан өтіп, «Фолиант» баспасынан шығаруға жіберілді.

  • 2009 жылы ҚР БжҒМ Құрмет грамотасымен;
  • 2010 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет граматосымен;
  • 2010 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ Алғысымен;
  • 2011 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен;
  • 2013 жылы «Жылдың үздік мұғалімі» атағымен марапатталды.
  • 2013 жылы «Үздік педагог» республикалық конкурсында «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1 731 000 теңге ақшалай сыйлығымен марапатталды.

2016 жылдың қыркүйек айының 5 –нен бастап Жаңаөзен мұнай және газ колледжі директорының қызметіне тағайындалды.

 

 

 

 

Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің басқару әкімшілігінің құрамы

 

Ускимбаев Танат Максимович – колледж директоры

Жалпы еңбек өтілі – 35 жыл, колледждегі еңбек өтілі – 29 жыл.

Білімі : Жоғары

Бітірген оқу орны: Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті »

Негізгі жетістіктері:

0801000  – «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» мамандығы бойынша арнайы пәндерінен және кәсіптік тәжірибелерден;

0809000  – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы» пәнінен;

0807000  – «Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша «Бұрғылау машиналары және механизмдерi» пәнінен;

0806000  – «Скважиналарды мұнай мен газға сынау» мамандығы бойынша «Бұрғылау ерітінділері және оны скважинаны сынау кезінде пайдалану технологиясы», «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы» пәндерінен, кәсіптік тәжірибелерден мемлекеттік және орыс тілінде типтік оқу бағдарламаларын дайындады;

2009 жылы 0801000 – «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» мамандығы бойынша «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау технологиясы» пәнінен оқулыққа қосымша оқу құралын құрастырды (06.03.2009ж Шешім 1/4);

2012 жылы дуальдық оқу жүйесіне арналған 0801000 – «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» мамандығы бойынша эксперименттік оқу жоспарын;

ҚР БжҒМ Техникалық және кәсіптік білім және біліктілік тағайындауды дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығымен келісім-шарт негізінде орта буын маманы техник-технологтар үшін және жоғары деңгей біліктілігін игерген жұмысшы кәсіптері үшін біліктілік тағайындаудың тест тапсырмаларын дайындады;

 «Өзенмұнайгаз» мекемесінің жұмысшы мамандарын «Машиниста буровых установок», «Помощника бурильщика эксплуатационного разведочного бурения скважин на нефть и газ». мамандығы бойынша қайта даярлау курсы үшін оқу бағдарламасын;

 «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау технологиясы», «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау бойынша механиктің анықтамалығы», «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау, сынау және пайдалану» (мемлекеттік тілде) және «Технология бурения нефтяных и газовых скважин» (орыс тілінде) атты оқу құралдарын жазды, олар республикамыздың оқу орындарында апробациядан өтіп, «Фолиант» баспасынан шығаруға жіберілді.

 

 

Қуатова Рая Халимовна Колледж басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жалпы еңбек өтілі – 34 жыл, колледждегі еңбек өтілі – 26 жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Қазақ политехникалық институты

Негізгі жетістіктері:

Р. Х. Қуатова республикалық «Мұнай-газ ісі» оқу-әдістемелік бірлестігінің шығармашылық тобының мүшесі. Ол өзі сабақ беретін бірнеше пәннен оқу бағдарламаларын, әдістемелік нұсқауларын жазды. Атап айтқанда:

0801000 – «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» мамандығы бойынша «Бұрғылаудың өндірістік процесін автоматтандыру» пәнінен мемлекеттік және орыс тілінде типтік оқу бағдарламасын;

0807000 – «Мұнай және газ кәсіпшілігінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша «Іштен жану қозғалтқыштары», «Өндірісті автоматтандыру негіздері және ТПБАЖ», «Бөлшектерді қалпына келтіру және жөндеу технологиясы», «Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» пәндерінен және кәсіптік тәжірибелерден мемлекеттік және орыс тілінде типтік оқу бағдарламаларын;

0808000 – «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша «Өндірісті автоматтандыру негіздері және ТПБАЖ» пәнінен мемлекеттік және орыс тілінде типтік оқу бағдарламаларын;

0819000 – «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша «Өндірісті автоматтандыру негіздері және ТПБАЖ» пәнінен мемлекеттік және орыс тілінде типтік оқу бағдарламаларын (2010ж) дайындады.

 «Бұрғылау және мұнай өндірісі жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және құрып орнату» пәнінен курстық жобаның орындалуы бойынша және сырттай бөлім студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулықтар даярлады.

 «Бұрғылау және мұнай өндірісі жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және құрып орнату» пәні бойынша мемлекеттік тілде дәрістер жинағын құрастырды. Бұл жұмыстар облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының сараптау тобына ұсынылып, ОблБАИ-дың әдістемелік кеңесінде бекітілді (29.03.2011ж).

 «Эксплуатация бурового оборудования» пәнінен қазақ тілінде оқу құралын жазды, бүгінде Орал және Атырау қаласындағы кәсіптік колледждерде апробациядан өтуде.

 

Кадыров Абзал Батыргалиевич
Колледж басшының өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жалпы еңбек өтілі: 12 жыл
Білімі: Жоғары
Бітірген оқу орны: Шымкент қаласы Аймақтық әлеуметтік иннивациялық университеті
Негізгі жетістіктері:
- «Объектілердің кешенді қаупсіздігі» бағыты бойынша ҚР ның объект басшыларының қауіпсіздікке жауапты орынбасарларының, қауіпсіздік қызметтері басшылары мен мамандарының біліктілігін арттыру сертификат
- 2020жыл Педагогтердің IT құзіреттіліктерін дамыту жіне жетілдіру Сертификат

 

 

Дыбысова Роза Текебайқызы Колледж басшының
әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Жалпы еңбек өтілі – 30 жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Атырау педагогикалық институт

Негізгі жетістіктері:

- Р.Т.Дыбысова республикалық «Мұнай-газ ісі» Оқу-әдістемелік бірлестігінің шығармашылық тобының мүшесі.

- 2010 жылы «Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу» пәнінен дәрістер жинағын, сырттай оқу бөлімі студенттеріне арналған бақылау жұмысын орындаудың әдістемелік нұсқаулығын құрастырды, дәрістер жинағы ОблБАИ-дың әдістемелік кеңесінде бекітілді (ОблБАИ-ның 17.03.2010 ж №1/2 хаттама).

- 2010 жылы Сондай-ақ мұғалім «Жол картасы» бағдарламасы аясында «Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру және қызмет көрсету» мамандығы бойынша жұмысшы мамандарын даярлау курсы үшін типтік оқу бағдарламасын және «О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі» мен «Өзенмұнайгаз» ӨФ және басқа мекемелер арасындағы әлеуметтік әріптестік тәжірибесінен жинақ кітапшасы (30.06.2010ж Шешім  №3/4 ОблБАИ кеңесі) облыс көлемінде таратылды.

- 2013 жылы 0801000 – «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы», 0805000 – «Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау», 0806000 – «Скважиналарды мұнай мен газға сынау», 0807000 – «Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу», 0808000 – «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»; 0809000 - «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану», 0819000 – «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша оқу бағдарламаларын жасауға қатысты.

 

 

Якубова Даметкен Курмангалиевна - Колледж басшының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Жалпы еңбек өтілі: 14жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Негізгі жетістіктері:

2016ж –Маңғыстау облыстық Білім Басқармасы«Құрмет грамотасы»;

2016ж – Облысттық ғылыми-тәжірибелік конференция «Көлік оқыту орындарында инновациялық білім беру жүйесін дамыту»;

2017ж – Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңін ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқан үшін.

2018ж- Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар мен бейнедәрістер байкауы «Грамота»(2орын).

2018ж- Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар мен бейнедәрістер байкауы «Алғыс хат».

2018ж- «Ғылыми дамудағы инновациялық технологиялар» оқытушылар арасында қалалық ғылыми конференция

2018ж- ІІІ республикалық ғылыми- практикалық конференция«Студенттік ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелері»

ІІ дәрежелі диплом (мақала Ақтілеу Н.)

2018ж – Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңін ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқан үшін.

 

 

Искакова Рахат Досымбаевна – Колледж басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жалпы еңбек өтілі – 31 жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Алматы энергетикалық институт

Негізгі жетістіктері:

- 2008 жылы «Мұнай-газ ісі» және 1302000-«Автоматтандыру және басқару», 0911000 - «Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша «Жалпы электротехника және электроника негіздері» пәнінен типтік оқу бағдарламасын;

- 2008 жылы «Өзенмұнайгаз» мекемесінің «Слесарь КИПиА 2/3,5 разряда» жұмысшы мамандарын қайта даярлау курсы үшін оқу бағдарламаларын;

- 2011 жылы 0805000 – «Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау», 0807000-«Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»; 0808000-«Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»;

- 0809000 – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану», 0819000 - «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша «Жалпы электротехника және электроника негіздері» пәнінен мемлекеттік және орыс тілінде типтік оқу бағдарламаларын жасақтады.

- 2010 жылы «Электротехника негіздері» пәнінен қазақ тілінде оқу құралын жазды, осы оқу құралы Орал және Атырау қаласындағы кәсіптік колледждерде апробациядан өтуде.

-  «Жалпы электротехника және электроника негіздері» пәні бойынша мемлекеттік тілде дәрістер, тест жинақтарын құрастырды. Бұл жұмыстар облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының сараптау тобына ұсынылып, ОблБАИ-дың әдістемелік кеңесінде бекітілді (ОблБАИ-ның 28.03.2008ж №2/3 хаттама шешімі).

Оқытушының педагогикалық қызметінің нәтижелері:

2008 жылы ҚР БжҒМ Құрмет граматосымен;

2010 жылы ӨФ «ӨзенМұнайГаз»-дың Алғыс хатымен;

2010 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2012 жылы «Үздік колледж оқытушысы» облыстық байқауында «Шығармашыл ұстаз» номинациясын иеленді.

 

 

 

Баранкова Анастасия Михайловна – Колледж басшысының ақпараттық жұмыстары жөніндегі  орынбасары

Жалпы еңбек өтілі – 19 жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны:  Алматы қаласы КазНТУ

Негізгі жетістіктері:

- This is to certifu that Successfullu masteredthe course requirements of British English at Beginner level on 30 April . 2019

- Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюйына және өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін құрмет грамотасы

- 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша колледждегі оқу – тәрбие жұмысын жүйелі жүргізудегі жауакершіл қызметі үшін құрмет грамоты

- Жаңаөзен қалалық ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ой дода» интеллектуалдық ойынында 2орын диплом

- «CIS автоматтандырылған жүйесіндегі Worldskills чемпионатының құзыреттілігі бойынша сарапшылардың жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының сарапшыларын Worldskills талаптарына сәйкес оқыту курсынан сертификат

 

 

 

Аймуханов Оразалы Куватович Колледж
басшысының Кәсіподақ ұйымының төрағасы

Жалпы еңбек өтілі – 31 жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Владимирский Политехникалық Институт

Негізгі жетістіктері:

- 2010жыл Өскелең ұрпаққа білім берудегі және тәрбиелеудегі қол жеткізген жетістіктері мен табыстары үшін Құрмет грамотасы

 

 

Айсабаев Джолай Бас есепші

Жалпы еңбек өтілі – 33 жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Ақтобе қаласы Дүние университеті

Негізгі жетістіктері:

- 2011жыл Кәсіби бухгалтерлік сертификаты

- 2015 жыл Кала әкімінің алғыс хаты ҚР ұлттық валютасы күніне

- Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай қаланың дамуымен қалыптасуына қосқан үлесі үшін мерекелік медаль

- 2016 жыл Тәуелсіздікке 25 жылдығы құрметіне және Маңғыстау облысының қаржы жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат

 

 

Каирбаева Анаргуль Аскаровна - колледж әдіскері

Жалпы еңбек өтілі – 10жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Орал қаласы Казиту ұниверситеті

Негізгі жетістіктері:

- «Маңғыстау өлкесінде туризимнің дамуы- «Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асырудың негіздері» атты оқытушылар арасындағы облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция

- «Жастар, білім және инновация» атты облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін сертификат

- «ІТ – education: жаңа талаптар, тенденциялар және проблемалар» тақырыбындағы облыстық студенттік ғылыми- тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін сертификат

- «Мамандығым –мақтанышым» колледжішілік практикалық семинарында педпгогикалық ізденісі үшін ІІІ орын

- «Ғылыми дамудағы инновациялық технологиялар» атты оқытушылар арасындағы қалалық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін диплом

- IV педагогикалық интернет – конференциясына қатысып,баяндамасымен таныстырғаны үшін сертификат

 

 

Кенганова Акнабат Тахировна – Колледж әдіскері

Жалпы еңбек өтілі – 15жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы

Негізгі жетістіктері:

- Жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан зор үлесі үшін Алғыс, 2017 ж.

- Жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан зор үлесі үшін Алғыс, 2018 ж.

- «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша сарапшы ретінде қатысқаны үшін Сертификат. 2019ж.

- Ақпаратты технологияларды білім беру қызметінде белсенді қолданғаны үшін Алғыс, 2020

- «Методическая копилка - 2020» атты қашықтықтан педагогикалық жобаға қатысқаны үшін Сертификат, 2020

- Маңғыстау облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы, 2020 ж

 

 1

Сегизбаева Жанар Хожахметқызы – Колледж әдіскері

 

 

Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Қорқыт Ата ҚҰМУ

Негізгі жетістіктері:

2007-2008 оқу жылында О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай  және газ   колледжінен «Құрмет грамотасы»;

2012-2013 оқу жылында «Үлгілі пән оқутышысы-2013» колледжішілік байқауының  I-орын дипломы;

2013-2014 оқу жылында облыстық «Құрмет грамотасы»;

2016 жылы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі» Мадақтама грамота;

2016 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына Республикалық «Білім шыңы-Ғылым сыры орай ұйымдастырылған «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі» Медалі;

2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің “Алғыс грамотасы».

 

Кожабергенова Гулжанат Сулейменовна – ресурстык орталық жетекшісі

Жалпы еңбек өтілі – 36жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Қазақ политехникалық интитут

Негізгі жетістіктері:

- Қала әкімінің Құрмет грамотасы – 2003 ж.

- Облыстық білім басқармасының Құрмет граматосы – 2004 ж.

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет граматосы – 2010 ж.

- ӨФ «ӨзенМұнайГаз»-дың Алғыс хаты – 2010 ж.

 

Емишева Қалампыр Кушкинбаевна күндізгі бөлім меңгерушісі

Жалпы еңбек өтілі – 37жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Түркмен политехникалық институтының «гидрогеология және инженерлік геология» 

Негізгі жетістіктері:

- 2008 жылы «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша «Гидравлика және жылу техникасы», «Еңбекті қорғау», «Өнеркәсіптік экология негіздері» пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілінде типтік оқу бағдарламаларын (ҚР БжҒМ 30.09.2008ж);

- 2010 жылы 0801000 – «Мұнай және газ скважиналары және бұрғылау жұмысының технологиясы»; 0805000 – «Мұнай және газды сақтау және тасымалдау»; 0807000 – «Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»; 0809000 – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандықтары бойынша «Гидравлика» пәнінен мемлекеттік және орыс тілінде типтік оқу бағдарламаларын дайындады.

- 2010 жылы «Гидравлика» пәнінен мемлекеттік тілде дәрістер жинағы және «Гидравлика» пәнінен есептер жинағы ОблБАИ-дың әдістемелік кеңесінде (ОблБАИ кеңесі, 17.03.2010ж №1/2 хаттама) бекітілді.

Оқытушының педагогикалық қызметінің нәтижелері:

2010 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет граматосымен;

2011 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2011 жылы «Үздік колледж оқытушысы» облыстық байқауында III орын иеленді.

техникалық қауіпсіздік» және «Геологиялық жұмыстардың ерекшелігі» қазақ тілінде оқу құралын жазды, бүгінде Орал және Атырау қаласындағы кәсіптік колледждерде апробациядан өтуде.

 

Ходжанепесова Айтбиби Тулеповна – күндізгі бөлім меңгерушісі

 

Жалпы еңбек өтілі – 15жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Қаныш Сатбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті, Алматы қаласы

Негізгі жетістіктері:

- «Құрмет грамотасы» Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай, кәсіптік білім берудегі шығармашылық ізденісі үшін;   

- Маңғыстау облысы білім басқармасының «Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін - Алғыс 2018 ж.

-  Колледжішілік «Келіндер сыны» байқауында «Мақтау грамотасы» ІІІ орын, 2017

- Колледжішілік «Оқытудың жаңа технологиялары – жалпы білімділік нәтижесінің жаңа жетістіктері негізі» тақырыбындағы облыстық – практикум аясында өткен «Сырласайық женеше атты» танымдық турнирде,  ІІІ орын

- Алғыс – Колледжішілік мәдени, қайырымдылық шараларына 1 ДП а- 16 Б тобын белсене қатыстырғаны және жауапкершілік қызметі үшін 2017ж 

- Сертификат – «Мұнай, газ кенорындарын игерудің экологиялық проблемалары» тақырыбындағы материалы жарияланды. 2017 ж

- Сертификат – Үздік ашық сабақ атты халықаралық дәрежеде өткізілетін Республикалық шығармашылық конкурстарға қатысқаны үшін. 2017 ж

- Сертификат – «Ғылыми дамудағы инновациялық технологиялар» атты оқытушылар арасындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция 2018 ж

 

Мусаева Галия Джаксылыковна – күндізгі бөлім меңгерушісі

 

 

Жалпы еңбек өтілі – 26 жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Актау политехникалық Институты

Негізгі жетістіктері:

-  2014-2015 оқу жылында «Жаман деген жүрекке от берейік» атты облыстық ғылыми –тәжірибелік конференциясына «Медицинадағы өзекті мәселелер: шығармашылық ізденістер,заманауи жаңару жолдары» секция бойынша белсене қатысқаны үшін Табунова Махаббат студенті марапатталған. 

Біліктілікті арттыру:

-  Техникалық және кәсіптік білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дуальды жүйеде пайдалану арқылы оқушылардың қабілетін және оқуғапозитивтік көзқарасын дамыту /«Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру  орталығы АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 21.06.2014 ж./№ 0015863;

- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау/Маңғыстау облысының еңбек басқармасы 13.04-17.04.2015ж.

- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясына ауысудың ұйымдастыру-әдістемелік аспектілері / «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталығы 18.11.2016ж №03884;

- Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі/«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталығы 01.07.2016ж №1440;

 

Сандибаева Светлана Насыровна – сырттай бөлім меңгерушісі

 

Жалпы еңбек өтілі – 14жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Алматы технологиялық институтының «Агроөнеркәсібі салаларының экономикасы және менеджменті»

Негізгі жетістіктері:

«Кәсіпкерлік қызмет негіздері» факультатив курсына арналған әдістемелік құрал (Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті, 2011).

Оқытушының педагогикалық қызметінің нәтижелері:

2018 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін Алғысымен  марапатталды.

 

Шамянова Нургуль Тувакбаевна - Колледж психологы

 

Жалпы еңбек өтілі – 14 жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: С.Баиишев атындағы университет

Негізгі жетістіктері:

 - 2020жыл Педагогтердің IT құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру Сертификат

 

Базарбаева Шолпан Жексенқызы – Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы

 

Жалпы еңбек өтілі – 4 жыл

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны:

Негізгі жетістіктері:

- Жаңартылған білім мазмұны жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу удерісін ұйымдастыру ерекшеліктері тақырыбында сертификат

- Білім беру қызметінің тиімділігін арттырудың инновациялық әдістері, құралдары мен тәсілдері тақырыбындаоқытушылар арасындағы халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін сертификат

- «Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында санасы ашық, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Қазіргі замандағы білім беру жүйесіндегі психикалық дамудың маңыздылығы» атты қалалық педагогтардың ғылыми – тәжірибелік конфенренциясына қатысып белсенділік танытып, үздік баяндама ұсынғаны үшін диплом

- «IT – education: жаңа талаптар, тенденциялар және проблемалар» тақырыбындағы облыстық студенттік ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін сертификат

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық