Ғылыми-тәжірибелік конференция

О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде 17 мамыр 2019 жылы IT-education: жаңа талаптар, тенденциялар және проблемалар» атты студенттер арасындағы  облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

    

Конференцияның мақсаты:

  • Студенттердің ғылыми ойларын, практикалық зерттеулерді  дамыту және қолдау көрсету, түрлі салалар іс-әрекетінде пікір алмасу.
  • Қазақстанда және әлемде ғылыми-зерттеу нәтижелерін талқылау, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру, ғылым және бизнесте тиімді қолданылуын анықтау. Конференция оң мотивация, идеялар алмасу және кәсіби байланыстар орнатуды қалыптастыруды көздейді.

   

Конференцияға техникалық  және кәсіптік білім беру  оқу орындарынан 68 мақала қабылданды.Конференция төрт бағытта өтті:

  1. Қазіргі қоғамның жаңа бағдарлары: жастар және ғылым
  2. Білім, ғылым және тәжірибедегі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  3. Бәсекеге қабілетті экономиканы қолдаудағы бизнес-идеяларды дамыту
  4. Макеттер конкурсы

Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда 9 студент үздік баяндама ұсынғаны дипломы мен және студенттер қатысқаны үшін сертификат пен марапатталды.

Олар:І-секция бойынша: Рахметулаев Ж –МИТК, Алшын Ж- «Каспий» колледжі, Бермуханбетова М –«Каспий»,

   

ІІ-секция бойынша Джамауова Х-Ш. Есенов КМТИУ, Исмағұл Л- Қарақия кәсіптік колледжі, Сардар Жадыра (ЖҚКжЖТК),

ІІІ-секция бойынша: Шарафадинова Қ –МИТК, Қуанышбекова Ж-МИТК, Узенов А- МПТК,

IV-секция бойынша: Айтнияз А, Қалабаева М, Жұлдызбай О- ЖПТК, Жолдасбаева А-МОМК, Тұрымбаев Н-МИТК.