Колледждің институционалдық аккредиттеуден өтуі туралы мәлімет

 

2015-2016 оқу жылындағы ең үлкен жаңалығымыз – колледждің институционалды аккредиттеуден өтуі. Бұл өте ауқымды, қиын процедура, одан кез-келген оқу орны өте алмайды, өйткені оның талаптары жоғары, көп дайындықты қажет етеді.

Колледждің «Институционалды» аккредиттеуден өтуіне Маңғыстау облысының білім басқармасы жоспары бойынша облыстық бюджет есебінен қаражат қарастырылды.

Аккредиттеуден өту – ол колледждің білім сапасын, статусын көрсетеді.

Жаңаөзен мұнай және газ колледжі Маңғыстау облысының білім басқармасы жоспары бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен институционалдық аккредиттеу жұмыстарын орындау үшін алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізіді:

Аккредиттеу жүйесімен танысу мақсатында колледж әкімшілік құрамы ҚР білім және ғылым министрлігі Ұлттық аккредиттеу Орталығы басшылығы ұйымдастыруымен өткізген бірнеше республикалық семинарларға қатысып, тиісті дәрежедегі сертификаттарға ие болды:

  • «Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін институциональдық аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі. Кезеңдері. Процедуралары. Талаптары» тақырыбында республикалық көшпелі семинар, Атырау қаласы, 2013ж. Астана қаласы, 2014ж.;
  • «Білім сапасын сыртқы бағалау: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеуге дайындау» республикалық семинар-тренинг Ақтау қаласы, 2015ж.;
  • «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын тәуелсіз ұлттық аккредиттеу» Халықаралық Банк өкілдері қатысуымен республикалық семинар, Астана, 15.12.2014ж.
  • Техникалық кәсіптік білім беру орындарын институционалдық аккредитация аясында сыртқы аудит жүргізу бойынша (05.02-07.02 2015ж. аралығында «МҚҚК Орал газ, мұнай және салалық технологиялар» колледжі; ҚР білім беру апасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттік ұйымдастыруымен) колледж әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Қараева Х.А. аудит- сараптамалық топ мүшесі ретінде аккредиттеу жұмысына қатысты.

Институтционалдық аккредиттеу процедурасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1385 «Білім ұйымдарын аккредиттеу ережесін бекіту туралы» қаулысына және 2008 жылғы 5 наурыздағы №109 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі бекіткен «Білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығына» сәйкес жүргізілді.

Аккредиттеу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Білім беру ұйымының өтініш білдіруі;
  2. Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы (ішкі бағалау);
  3. Сыртқы бағалауды жүргізу үшін сарапшылардың келуі;
  4. Аккредиттеу туралы оң/теріс шешім қабылдау.

2015 жылдың мамыр айында О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің әкімшілік құрамы оқу орнын институционалдық аккредиттеуден өткізу мақсатында ҚР Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) жүргізуді анықтап, екі жақты байланыс іс-шараларын ұйымдастыруын бастады.

Колледжде институционалдық аккредиттеуден өту жоспары жасақталды. Колледж басшысы бұйрығымен комиссия құрылып - құрамына колледж әкімшілігі, пән бірлестіктердің төрағалары, бөлім меңгерушілері, жастар комитеті енгізіліліп, өзін-өзі бағалау процесін жүргізу, сонымен қатар қорытынды есеп жобасын дайындау жауапкершілігі міндеттелді.

Комиссия құрамы ҚР Үкіметінің 29 желтоқсан 2007 ж. № 1385 «Білім ұйымдарын аккредиттеу ережелерімен» және ҚР білім және ғылым министрлігінің 5 наурыз 2008 ж. № 109 бұйрығымен бекітілген «Білім ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығымен» таныстырылды.

02.06. 2015 жылы ҚР Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігімен екі жақты келісім-шарт жасақталды.

03.06. 2015 жылы ҚР Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттік өкілі Жаңаөзен мұнай және газ колледжімен танысты.

03.06. 2015 жылы ҚР Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің ұйымдастыруымен «Институционалды аккредитация шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау есебін дайындау» тақырыбында колледж базасында семинар өткізілді. Семинарға колледжден 24 қызметкерлер қатысып, сертификаттарға ие болды.

Колледждің өзін-өзі бағалау есебін дайындау және жіберу 08.11. 2015 жылы аяқталып, ҚР Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің сараптау комиссиясяна ұсынылды.

Колледждің өзін-өзі бағалау есебі аккредиттеу талаптарына сәйкес 6 стандартардан тұрады:

СТАНДАРТ 1 «МИССИЯ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР. ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІК»

СТАНДАРТ 2 «БАСҚАРУ ЖӘНЕ  МЕНЕДЖМЕНТ»

СТАНДАРТ 3  «СТУДЕНТТЕР»

СТАНДАРТ 4 «БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ»

СТАНДАРТ 5 «Педагогикалық құрам және ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ»

СТАНДАРТ 6 «РЕСУРСТАР: МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ, ҚАРЖЫЛЫҚ, КІТАПХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ  АҚПАРАТТЫҚ»

15.11.2015 Республикалық аккредиттеу комиссиясы колледждің өзін-өзі бағалау есебіне қорытынды сараптамасын шығарды. Қорытынды сараптама 9 беттен тұрады. Ең негізгісі – сараптаманың қорытындысы төмендегідей болды: 

Қорытынды

Өзің-өзі бағалау бойынша есеп тұтастай алғанда жұмыстың жай-күйін бейнелеп көрсетеді және есепте ұсынылған ақпарат «О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі» МКҚК ұсынатын білім берудің сапасын қамтамасыз етуді жеткілікті деп бағалауға мүмкіндік береді.

17.11.2015 жылы колледждің өзін-өзі бағалау есебінің ең соңғы нұсқасы Республикалық аккредиттеу комиссиясына ұсынылды. Сонымен қатар ҚР Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігіне колледжде сыртқы бағалаудың шарттарына сәйкес интервью (сұхбаттасу) қатысатын топтардың (колледж әкімшілігінің, инженерлік-педагогикалық құрамы, белсенді студенттердің тізімі, колледж түлектері, жұмыс берушілердің) тізімдері анықталып алдын-ала жіберілді.

14-15 желтоқсан 2015 жылы аккредиттеу тәртібіне сәйкес колледжде III кезеңі өткізілді - сыртқы бағалауды жүргізу үшін сарапшылардың келуі.

О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде институционалдық аккредитация бойынша сырттқы аудит эксперттік тобының құрамында 6 адам болды:

  1. Аймукатов Аскар Тукпанович, АҚ «Актөбе политехникалық колледжі», директордың ОІЖ орынбасары, п.ғ.к., жоғары санатты;
  2. Керимбеков Курмахан Баймаханович, М. Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация Қазақ Академиясының Акмола колледжі, директордың ОӨІЖ орыбасары;
  3. Жумағали Айнагул Көшкінбайқызы, ЖШС «Прикаспийский колледж «Болашак», Актау қаласы, директордың оқу-ғылыми ісі жөніндегі орынбасары;
  4. Сарсенов Ерболат Темирбекович, АҚ «Өзенмұнайгаз», басқару және персоналды даму департаментінің директоры;
  5. Жұмадиева Жазира Әмірқызы, ЖШС "Жаңаөзен политехникалық колледжі" 3 курс студенті, 0501000 – Әлеуметтік жұмыс;
  6. Джигитчеева Карлыгаш Мухареденовна, ҚР Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, колледждерді аккредиттеу бөлімінің басшысы.

 

2015 жылы 14-15 желтоқсан арасында эксперттік тобының сырттқы аудит жұмысы төмендегі арнайы бағдарлама бойынша жүргізілді:

 

Жұмыстың түрі

Орны

Уақыты

Қатысушылар

Бірінші күн: 14.12.2015ж.

1

«Аксарай» қонақүйіне орналасу

13.12.2015 ж.

Р, ВЭГ, К

2

«Аксарай» қонақүйінде таңғы ас

8:30 дейін

Р, ВЭГ, К

3

Колледжге келу

08:45

Р, ВЭГ, К

4

Брифинг, ұйымдастыру сұрақтарды талқылау

СЭТ кабинеті

09:00-10:00

Р, ВЭГ, К

5

Колледж директоры мен интервью (сұхбаттасу)

Колледж директорының кабинеті

10:00-10:30

Р, ВЭГ, К

6

Интервью қорытындысын талқылау

Акт залы

10:30-10:40

Р, ВЭГ, К

7

Колледж әкімшілігімен интервью ұйымдастыру (директордың орынбасарлары, бас есепші, кадр бөлімі, оқу бөлімдерінің жетекшілері цикл бірлестік жетекшілері, кітапхана жетекшісі)

Акт залы

10:40-11:20

Р, ВЭГ, К

8

Интервью қорытындысын талқылау

Акт залы

11:20-11:30

Р, ВЭГ, К

9

Колледждің материалдық-техникалық базасы мен танысу

 

11:30-13:00

Р, ВЭГ, К, ОЛК

10

Түскі ас

Колледж асханасы

13:00-14:00

Р, ВЭГ, К

11

Колледж инженер-педагог құрамы мен Интервью ұйымдастыру

Акт залы

14:00-14:50

Р, ВЭГ, К

12

Интервью қорытындысын талқылау

Акт залы

14:50-15:00

Р, ВЭГ, К

13

Студенттер мен Интервью өткізу

Акт залы

15:00-15:50

 

Р, ВЭГ, К

14

Интервью қорытындысын талқылау

Конференц-зал

15:50-16:00

Р, ВЭГ, К

15

Қажетті құжаттар мен жұмыстану

Кабинет ВЭГ

16:00-17:00

Р, ВЭГ, К

16

Колледж түлектері мен кездесу

Конференц-зал

17:00-17:50

Р, ВЭГ, К

17

Интервью қорытындысын талқылау

Акт залы

17:50-18:00

Р, ВЭГ, К

18

Жұмыс берушілер мен Интервью өткізу

Акт залы

18:00-18:50

Р, ВЭГ, К

19

Интервью қорытындысын талқылау

Акт залы

18:50-19:00

Р, ВЭГ, К

20

Кешкі ас

«Аксарай» қонақүйі

19:00-20:00

Р, ВЭГ, К

Екінші күн: 15.12.2015 ж.

1

Колледжге келу

 

8:45

Р, ВЭГ, К

2

Сабақтарға қатысу және оқу тәжірибелік базалар мен танысу

 

09:00-11:00

Р, ВЭГ, К, РСП, ОЛК

3

Эксперттік топ мүшелерінің өзара пікір алмасу

СЭТ кабинеті

11:00-11:30

Р, ВЭГ, К

4

Қажетті құжаттар мен жұмыстану

Құрылымдық бөлімдер, СЭТ кабинеті

11:30-13:00

Р, ВЭГ, К

5

Түскі ас

Колледж асханасы

13:00-14:00

Р, ВЭГ, К

6

Қажетті құжаттар мен жұмыстану

Құрылымдық бөлімдер, СЭТ кабинеті

14:00-15:00

Р, ВЭГ, К

7

Эксперттік топ мүшелерінің өзара пікір алмасу. Эксперттердің сұранысы бойынша колледжегі жалпы оқу процесіне жауапты жұмысшылармен кейбір мәселелерді анықтау. Сыртқы аудит есебін дайындау.

СЭТ кабинеті

15:00-17:30

Р, ВЭГ, К

8

Колледж әкімшілігі мен кездесу, колледж директорына жеке түрде бағалау есебімен таныстыру (при закрытых дверях).

Колледж директорының кабинеті

17:30-18:30

Р, ВЭГ, К

9

Кешкі ас

 «Аксарай» қонақ үй

18:30-19:30

Р, ВЭГ, К

10

Кету

Кесте бойынша

 

Р, ВЭГ, К

 

Белгілер:

  • Сыртқы эксперттік топ (толық құрамы) – СЭТ,
  • Эксперттік тобының басшысы – Б, координатор – К,
  • Колледжден сыртқы аудитке жауапты адам – КЖА,
  • Құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері – ҚБЖ.
  • Эксперттік топ сырттқы аудит жұмысын өз деңгейінде өткізіп, қорытынды есебін ұсынды.
  • Есеп 26 бетке жазылған, орыс, қазақ тілінде. Жалпы, негізгі қорытынды бағасы: колледжі аккредиттеуге лайық деген баға берілді.

30.01.2016 жылы ҚР Білім ұйымдарын аккредиттеу ережелеріне сәйкес сыртқы және ішкі сарапшылардың жұмыстарының қорытындысы бойынша ҚР Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА) кеңесінің шешімі шығарылып Жаңаңөзен мұнай және газ колледжіне Халықаралық дәрежедегі Сертификат берілді. Жарамды мерзімі – 5 жыл: 30.01.2016 – 29.01.2021