Қымбатты достар!

 


 Өзінің құрылғалы бері аға буынның бірнеше легі ауысып, жас ұрпақтың көптеген буынын өңіріміздің өндіріс саласына маман дайындап шығарған Жаңаөзен мұнай және газ колледжі – республикамызға танымал кәсіптік оқу орны.Бүгінде О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі 29 жылдық тарихы бар облысымыздағы 19 мамандық бойынша орта буын мамандарын дайындайтын, материалдық-техникалық базасы қамтылған, қазіргі заманға лайықты оқу орны.19 мамандықтың 8-і мұнай-газ саласының мамандықтары, қалған 11 мамандық темір жол, азаматтық құрылыс, жол құрылысы, мейрамхана қызметі, автоматтық басқару жүйесі, энергетика, іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану салалары.

 Колледжде 97 оқытушы жұмыс жасайды, оның ішінде 1 – ғылым кандидаты, 9 оқытушы «ҚР білім озаты» төс белгісімен, 3 оқытушы Ы.Алтынсарин медалімен, 17 оқытушы ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

27 оқытушы жоғары санатты, 23 оқытушы бірінші санатты оқытушылар. Бұл оқытушылар құрамының 58% құрайды.

2012-2013 оқу жылының қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арасында өткен «Техникалық және кәсіптік білім беретін ең үздік оқу орны – 2012» облыстық байқауына колледж ұжымы қатысып облыс бойынша «Ең үздік оқу орны» атанды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша «Жыл студенті» атағына қала бойынша колледж студенті Үсенов Рақымжан ие болды, «ЖЫЛ ҮЗДІГІ -2013» қалалық жастар сыйлығының иегерлері болып төмендегі колледж студенттері атанды:

  • Шамсынұр Байкулова «Үздік жас ерікті»,
  • Талғат Сатыбалды «Үздік жыл дауысы»,
  • Алтынбек Әлібаев «Үздік жас белсенді».
  • Колледжінің оқу-материалдық базасында 3 оқу корпусы бар.

Оның біреуі негізгі № 1-ші, типтік емес, оқу корпусы 1985 жылы пайдалануға берілген, «Көктем» шағын ауданында орналасқан, екіншісі №2-ші оқу корпусы 5 қабатты типтік емес ғимарат, бұрынғы спец. комендатура болған, колледж базасына 1996 жылы пайдалануға берілді. Үшінші оқу ғимараты «Самал» шағын ауданында орналасқан типтік спорт зал.

Колледж базасында 2000 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Республикалық оқу әдістемелік бірлестік мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының кәсіби-техникалық оқу орындарына арнап білім беру стандарттарын, типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламаларын жасақтап берудеміз.

«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша «Техникалық және кәсіптік білімді модернизациялау» жобасына сәйкес мамандықты «Дамытудың институциальдық жоспарында» белгіленген Дүниежүзілік Банктің 56 млн. қаржысын республикалық конкурста жеңіп алдық.

2013 жылы колледж бітірген 362 түлектің жұмысқа орналасқаны  – 234, яғни ол колледж бойынша 64,6% құрайды.

О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің жаңа оқу ғимаратының кешенді құрылысының, «Мемсараптама» РМК -ның Маңғыстау облысы бойынша филиалы № 15-0531/12, 2012 жылы 15 қарашада бекіткен, Жобалық сметалық құжаттамасы дайындалды, қазіргі таңда 2014 жылдан бастап жаңа  оқу ғимаратын салу мәселесі қарастырылуда.

Қымбатты білім қуған арманшыл жастар! Бүгінде кәсіби маман даярлауда Маңғыстау облысы бойынша кәсіби - техникалық оқу орындары арасынан республика көлеміне танымал - Жаңаөзен мұнай және газ колледжіне қош келдіңіздер!

 

Игі тілекпен, колледж директоры, Ускимбаев Танат Максимулы