Колледжге басшылық жасаған директорлар

 

 

Қаламқалиев Мухит Хисметұлы, туған жылы – 24 тамыз 1944 ж.

           

1966 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітіріп, инженер-электрик мамандығын алды.

1982 жылы «Казсельхозмеханизация» ғылыми өндірістік бірлестік базасында сырттай аспирантураны бітірді.

1985 жылы 8 мамырда мұнай өнеркәсібі Министрлігінің №549-К бұйрығына сәйкес М. Х. Қаламқалиев Жаңаөзен мұнай техникумының директоры болып тағайындалды.

1989 жылы 5 қаңтарда мұнай өнеркәсібі Министрлігінің №19-К бұйрығымен оқытушы қызметіне өтуіне байланысты Жаңаөзен мұнай техникумының директоры лауазымынан босатылды.

15.09.1989 жылы байқау негізінде Гурьев политехникум директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары жұмысына тағайындалды.

 


Медиханов Қаржаубай Медиханұлы, – (30 наурыз 1946 ж. – 26 наурыз 2016 ж.)

 

1968 жылы Батыс Қазақстан ауыл-шаруашылық институтын толықтай курсын бітіріп, инженер-механик мамандығын алды.

1985 жылы Беларус политехникалық институтының жанындағы ғылым мен техниканың перспективалық бағыты бойынша арнайы мамандарды қайта даярлау факультетін бітірді.

1991 жылы Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кәсіпшілік машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша бітірді.

16.02.1989 жылы Қ. М. Медиханов «Актюбинскнефть» бірлестігінен мұнай өнеркәсіп Министрлігі бұйрығына сәйкес Жаңаөзен мұнай техникум директоры болып тағайындалды.

28.05.1998 жылы ҚР білім, мәдениет және денсаулық Министрлігінің бұйрығына сәйкес Медиханов Қаржаубай Медиханович Қазақ мемлекеттік техникалық университетінің Жаңаөзен қаласындағы    

Оқу-консультациялық бірлестігінің директоры ретінде бекітілді.

2000 жылы Медиханов Қаржаубай Медиханович басқа жұмысына ауысуына байланысты мұнай және газ колледжі директоры қызметінен босатылды.

 

 

Игібай Құрман Жылқышыұлы, туған жылы – 30 қазан 1948 ж

 

1972 жылы Гурьев педагогикалық институты, физика-математика факультетінің күндізгі бөлімін бітірді.

1967-1981 жылдар аралығында Игібай Құрман Жылқышыұлы Қызылқия поселкесіндегі №22 мектепте бастауыш сынып оқытушысы болып жұмыс жасады.

1981-1983 жылдары Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы №5 орта мектепте математика пәні оқытушысы.

1983-1985 жылдары Жаңаөзен қаласы №5 орта мектепте директордың оқу-тәрбие жұмыстарының орынбасары ретінде жұмыс атқарды.

1985-1988 жылдары Жаңаөзен қаласы №5 орта мектебінің директоры.

1988-1990 жылдары Жаңаөзен қаласы №1 орта мектебінің математика пән оқытушысы.

1990-1992 ж. ж. – Жаңаөзен қаласы №5 мектебінің директоры.

1992-1994 жылдары Тенге поселкасының әкімі.

1994 жылы – Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары.

1994-1996 ж. ж. – Жаңаөзен қаласының «Жәрдем» қайырымдылық қорының директоры.

1996-2000 ж. ж. – Жаңаөзен қаласының қалалық білім бөлімінің меңгерушісі.

2000-2006 жылдар аралығында О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің директоры.

2006 ж. денсаулығына байланысты колледж директоры жұмысынан босатылды.

 

 

Кизамбаев Көшбай Балапашұлы, туған жылы – 24 ақпан 1959 ж.

 

1974-1978 жылдары Небитдаг қаласындағы мұнай техникумында оқып, «Мұнай және газ скважиналарды пайдалану» мамандығы бойынша техник-мұнайшы квалификациясын алды.

Кизамбаев Көшбай Балапашұлы еңбек жолын «Туркменнефть» басқармасында оператор болып бастады.

1979-1981 жылдары әскер қатарында болды.

1989 жылға дейін Туркменнефть» басқармасында оператор болып қызмет етті.

1989-1993 жылдары «Узеннефть» бірлестігінде мұнай өндіру шебері, инженер, цех бастығы, өндіріс бөлімінің жетекші инженері қызметтерін атқарған.

1993-1996 жылдары «Алансервиз» біріккен кәсіпорынның бас директоры. 

1996-2002 жылдары ЖШС «Петролсервис» директоры.

2002-2004 жылдары «Өзен тұрмыс» ЖШС директоры.

2001-2005 жылдары Орта Азиялық университетінде оқып, мұнай және газ кенорындарын игеру мамандығы бойынша инженер квалификациясын алды.

2004-2006 жылдары «КазМұнайГаз» БӨ АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ – ның директоры.

2006-2007 жылдары «КазМұнайГаз», «Өзен Мұнай Газ» ӨФ-ның әлеуметтік жағдайлар жөніндегі директордың орынбасары.

2007 ж. ақпан – қыркүйек айларында О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі директоры қызметін атқарды.

 

 

Алипбаева Бибинур Саттарқызы, туған жылы – 15 желтоқсан 1953 ж.


1975 жылы Орал педагогикалық институтын тарих-филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

1983 жылы еңбек жолын Қызылсай кентіндегі №4 орта мектепте оқытушылық, директордың орынбасары; 1992-2000 жылдары Жаңаөзен қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі және мамандар бөлімін басқарған.

1999-2000 жылдары Жаңаөзен қалалық білім бөлімі жанындағы педтехнология орталығының директоры қызметін атқарып, 2000 жылдан бастап 2007 жылға дейін Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының жұмысын атқарды.

Ол «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша республикалық Оқу-әдiстемелiк бiрлестiк төрайымы қызметiн он алты жыл бойы атқарып келдi.

Сондай-ақ Бибінұр Саттарқызы оқу-өндірістік және оқу-әдістемелік орынбасарларына арналған орыс тілінде «Методика организации и планирования производственных работ в учебных заведениях профессионального образования» әдістемелік нұсқаулығылығын және «Кәсіптік білім беру оқу орындарында оқу-өндірістік жұмыстарды жоспарлау әдістері» оқу құралын дайындады, ол қазіргі таңда сынама оқулық ретінде апробациядан өтуде.

Б.С.Алипбаева «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, “Ы.Алтынсарин” медалімен, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен, ҚР БжҒМ Алғысымен, ҚР Президенті Алғысымен, «Жаңаөзен қаласының 40 жылдығы», «Жаңаөзен мұнайына 50 жыл»; «Маңғыстау облысына 40 жыл» және «За вклад в развитие образования» медальдарымен марапатталды.

2007 жылы О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің директоры болып тағайындалды.

2016 жылдың шілде айында зейнеткерлікке шығып, қазіргі таңда колледждің әдіскері қызметін атқаруда.

 

 

 

Ускимбаев Танат Максимович, туған жылы – 1 қазан 1964 ж. 


1990 жылы Қазақ политехникалық институтының «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау» факультетін тау-кен инженері; 2001 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Мұнай және газ кәсіпшіліктері машиналары мен жабдықтары»  факультетін инженер – механик біліктілігі бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын жолдамамен келіп, 1990 жылы Жаңаөзен мұнай техникумында арнайы пәндер оқытушысы болып бастап, 1992-1998 жылдары директордың оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1998-2000 жылдары Қазақ ұлттық университетінің Жаңаөзен мұнай және газ колледжі базасындағы филиалында «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша декан және аға оқытушысы, 2000 жылдан бері колледжде арнайы пән оқытушысы қызметтерін бір оқу орнында тапжылмай атқарып келеді.

Т.М.Ускимбаев республикалық «Мұнай-газ ісі» Оқу-әдістемелік бірлестігінің шығармашылық тобының мүшесі.

  • 0801000 – «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» мамандығы бойынша арнайы пәндерінен және кәсіптік тәжірибелерден;
  • 0809000 – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы» пәнінен;
  • 0807000 – «Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша «Бұрғылау машиналары және механизмдерi» пәнінен;
  • 0806000 – «Скважиналарды мұнай мен газға сынау» мамандығы бойынша «Бұрғылау ерітінділері және оны скважинаны сынау кезінде пайдалану технологиясы», «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы» пәндерінен, кәсіптік тәжірибелерден мемлекеттік және орыс тілінде типтік оқу бағдарламаларын дайындады;
  • 2009 жылы 0801000 - «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» мамандығы бойынша «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау технологиясы» пәнінен оқулыққа қосымша оқу құралын құрастырды (06.03.2009ж Шешім 1/4);
  • 2012 жылы дуальдық оқу жүйесіне арналған 0801000 - «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» мамандығы бойынша эксперименттік оқу жоспарын;

ҚР БжҒМ Техникалық және кәсіптік білім және біліктілік тағайындауды дамытудың Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығымен келісім-шарт негізінде орта буын маманы техник-технологтар үшін және жоғары деңгей біліктілігін игерген жұмысшы кәсіптері үшін біліктілік тағайындаудың тест тапсырмаларын дайындады;

«Өзенмұнайгаз» мекемесінің жұмысшы мамандарын «Машиниста буровых установок», «Помощника бурильщика эксплуатационного разведочного бурения скважин на нефть и газ». мамандығы бойынша қайта даярлау курсы үшін оқу бағдарламасын;

«Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау технологиясы», «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау бойынша механиктің анықтамалығы», «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау, сынау және пайдалану» (мемлекеттік тілде) және «Технология бурения нефтяных и газовых скважин» (орыс тілінде) атты оқу құралдарын жазды, олар республикамыздың оқу орындарында апробациядан өтіп, «Фолиант» баспасынан шығаруға жіберілді.

  • 2009 жылы ҚР БжҒМ Құрмет грамотасымен;
  • 2010 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет граматосымен;
  • 2010 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ Алғысымен;
  • 2011 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен;
  • 2013 жылы «Жылдың үздік мұғалімі» атағымен марапатталды.
  • 2013 жылы «Үздік педагог» республикалық конкурсында «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1 731 000 теңге ақшалай сыйлығымен марапатталды.

2016 жылдың қыркүйек айының 5 –нен бастап Жаңаөзен мұнай және газ колледжі директорының қызметіне тағайындалды.