Наурыз-көрісу мерекесіне дейін қалған уақыт:
2
2
2
2
Күн
0
0
5
5
Сағат
1
1
1
1
Минут
0
0
0
0
Секунд
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

 

Кәсіби шыңдалу жолындағы 30 жыл

 

Құрметті қонақтар, әріптестер, студенттер мен ата - аналар Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің 30 жылдық мерей тойына қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің 30. 11. 2015 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген:

«Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз».

Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті ныңайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт.

Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткузуден де қиын. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді – деді Елбасымыз.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен  құттықтай отырып, елімізге бейбіт ғұмыр мен өрлеу тілеймін.

Тәуелсіз Елімізбен  бірге өсіп, өңіп, есейіп келе жатырған оқу орнымыз туралы айтар болсам:

Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің тарихы 1985 жылдан басталады. 1985 жылы Кеңестер Одағының мұнай өндірісі министрлігінің бұйрығымен Гурьев политехникалық техникумының филиалы негізінде құрылды.

1991 жылы 31 тамыздан бастап, оқу орны Жаңаөзен мұнай техникумы деп аталды. Ал 1995 жылы 11 қарашадағы ҚР білім министрлігінің №312 бұйрығымен Жаңаөзен мұнай және газ колледжі аты берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.04. 1999 жылғы № 441 қаулысы негізінде Жаңаөзен мұнай және газ колледжіне Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының есімі берілді.

Колледжімізге есімі берілгеннен кейін, колледж оқытушылары мен студенттерінен құрылған экспедиция оның өлкеміздің тарихын, байлығын зерттеудегі еңбектерін, ағартушылық қызметін, медицина саласындағы еңбектерін іздеп, зерттеп, оны көре алған, ол жайлы естіген көнекөз қариялардың естеліктерін жинақтап, табылған жәдігерлерден колледж базасына мұражай жасақталды.

Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы – ғалым, геолог, өлкетанушы, халық емшісі.

Ол 1893 - 1897 жылдар аралығында Бухара, Хиуа қалаларында діни білім алған.

1897-1900 жылдары Үндістанның Бомбей қаласындағы университеттің инженер-геолог мамандығы бойынша бітірген.

1903-1935 жылдары Маңғыстаудың байлығын зерттеп, еңбек жазған, картасын сызған, өлкемізге ағартушылық, діни қызметтер атқарған.

Сонымен қатар, Ресей ғалымы М.В. Баярунаспен бірге өлке байлығын зерттеуге өз үлесін қосқан.

Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы – 1935-1937 жылдары қуғынға ұшырап, Иранға қоныс аударған.

Кеңес Үкіметі кезінде репрессияға ұшырап, 1937 жылы қыркүйек айында Ашхабад қаласында ату жазасына кесілген.

Бүгінде О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі 30 жылдық тарихы бар облысымыздағы 19 мамандық бойынша орта буын мамандарын дайындайтын, материалдық – техникалық базасы қамтылған, қазіргі заманға лайықты оқу орны.

Бүгінгі күні колледж кәсіби орта білімді мамандарды төмендегі бағыттарда дайындайды:

  1. 0507000–«Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру»;
  2. 0510000–«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»;
  3. 0518000–«Есеп және аудит»;
  4. 0701000–«Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау»;
  5. 0801000–«Мұнай және газ скважиналары және бұрғылау жұмысының технологиясы»;
  6. 0802000–«Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану»;
  7. 0805000–«Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау»;
  8. 0807000–«Мұнай және газ өнімдерін техникалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету»;
  9. 0808000–«Мұнай өңдейтін және химиялық өнеркәсіп жабдықтарын техникалық күту және жөндеу»;
  10. 0809000–«Мұнаймен газ кен орындарын пайдалану»;
  11. 0819000–«Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»;
  12. 0901000–«Электростанциялардың электржабдықтары, кіші станциялар және желілер»;
  13. 0911000–«Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу»;
  14. 1108000–«Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету»;
  15. 1203000–«Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару»;
  16. 1302000–«Автоматтандыру және басқару»;
  17. 1304000–«Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»;
  18. 1401000-«Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану»;
  19. 1410000-«Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану».

Колледж миссиясы: бәсекеге қабілетті, белгілі  құзіретке ие жұмысшы және орта буын маманын дайындау және білім сапасын европалық деңгейге шығару.

Колледждің негізгі бағыты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, білім алу қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында мұнай-химиялық, мұнай – газ өңдеу өндірістері, азаматтық құрылыс, халыққа қызмет көрсету, темір жол, энергетика мамандарын дайындау болып табылады.

Кезінде колледждің ашылуына ат салысып, көп күш-жігерін жұмсаған, үлкен парасаттылықпен аймақтың болашағын сол кезден бастап ойлап, болжаған, Жаңаөзен қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Бекбосынов Нұрлыхан Өтеуұлын; колледждің дұрыс деңгейде жұмыс жасауына өзіндік үлесін қосқан сол кездегі қаламыздағы басшылар: Батырбаев Махамбет Демешұлын, Үсенов Қойшыбай мырзаны, Бекимов Дармен мырзаны, Қарабалина Сақыш Абдырахманқызын ерекше құрметпен атап өтеміз.

Гурьев политехникалық техникумының Жаңаөзендегі филиалының алғашқы меңгерушісі, кейіннен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, оқу процесін жолға қоюға ат салысқан азаматтың бірі - марқұм Искаков Сағынтай Искакұлы болды. Осы азаматтың есімімен Жаңаөзен қаласының бір көшесі аталды.

Мұхит Хисметұлы Қаламқалиев колледждің алғашқы басшысы ретінде оқу орнының оқу-материалдық базасын жасақтап, жергілікті мұнайшылардың балаларын мұнай саласы мамандығына оқытып, аймағымыздың сұранысына байланысты жергілікті мекемелерге жас мұнайшы мамандарын дайындауды мақсат етті. Соған сәйкес, мұнай саласында еңбек етіп, тәжірибе жинақтай бастаған мамандарды инженер – педагог ретінде жұмысқа тартты.

1989 жылы демократиялық негізде мұнай техникумына директор болып Медиханов Қаржаубай Медиханұлы сайланды. Қаржаубай Медиханұлы іскерлігінің, ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында колледждің оқу-материалдық базасы бұрынғыдан да нығайды.

Жергілікті кәсіпорындардың талабына сай, мекемелердің сұранысы бойынша келісім-шарттар негізінде 1989-1990 оқу жылында жаңа төрт мамандық ашылды.

Мемлекеттік тапсырыспен қоса, жеке ата-аналармен жасалған келісім-шарттар негізінде бір мамандық бойынша коммерциялық топ ашылып, орта буынды мамандар дайындала бастады.

Колледжге өндіріс орнынан жолдамамен жіберілген алғашқы инженер мамандардың бірі, 10 жылдай оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған, тәжірибелі инженер-педагог - «Оқу ісінің үздігі», Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамоталарының, «Кәсіби-мұғалім» номинациясының иегері, «Мұнай және газды өндіру техникасы мен технологиясы» оқу құралының авторы, марқұм - Майлыбаева Гулмаржан Жаулыбайқызының еңбегін айрықша атап өтеміз.

2000-2006 жылдар аралығында колледждің директоры ретінде Игібай Құрман Жылқышыұлы еңбек етті. Колледждің ілгері басуына, республикалық көлемде танылуына, оқытушылардың шығармашылық қабілеттерінің жетілуіне, өз бетімен оқулық, электрондық оқулық, оқу әдістемелік кешендер жазуына ат салысты.

Шығыс Маңғыстау өңіріне бірнеше рет экспедиция ұйымдастырып, белгілі ғалым, геолог, өлкеміздің төл перзенті Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының еңбегін, өмір сүрген жерлерін зерттеп, облыстық ғылыми - практикалық конференция ұйымдастырып, мұражай жасақтады.

2007 жылы колледждің директоры қызметіне белгілі мұнайшы Көшбай Балапашұлы Қызанбаев тағайындалды. Азғантай уақыт ішінде колледждің қаржы-шаруашылық жұмысының жетілуіне, оқушылардың өндірістік тәжірибелерінің өз деңгейінде өтуіне ат салысты. Оқушылар ақылы тәжірибеден өтті.

9 жыл бойы оқу бөліміне жетекшілік жасап келген, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Маулибаева Рахиля Жұмағалиқызын есімін ерекше атап өтуге тиіспіз, Кеңес Одағының мұнай өңдеу және химия өндірісінің Үздігі, ҚР БжҒМ Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттарының иегері, тәжірибелі, білімді, ардагер инженер-ұстаз, жас мамандарға ақыл-кеңесін аямайтын оқытушы, «Мұнай – газ өңдеу процестері және аппараттары» оқу құралының авторы.

Қазіргі таңда колледждің оқу бөлімін тәжірибелі инженер - ұстаз, өз мамандығының шебері, арнайы пәндер оқытушысы, «Эксплуатация бурового оборудования» атты оқу құралының авторы–Қуатова Рая Халелқызы басқарады.

Оқу бөлімінің менгерушілері: Серікбаева Үзіл, Емишева Қалампыр Көшкінбаевна, Бектлиева Гүлбаршын Сүймағанбетқызы, Баймурзиева Маншук Мұхиденқызы және үйлестіруші Жақсыбаева Қанша оқу бөлімінің жетілуіне үлкен жауапкершілікпен еңбек етуде.

Ғылыми - әдістемелік бөлімді білім беру ісінің Үздігі, Алтынсарин медалінің иегері, арнайы пәндер оқытушысы, «Газ саласындағы химия технологиясы» оқу құралының авторы - Мырзағалиева Тлекші Гиндашқызы басқарып, мұнай - газ ісі мамандықтары бойынша Республикалық оқу - әдістемелік бірлестік төрайымының орынбасары міндетін ойдағыдай атқарып келеді.

Оқу – әдістемелік бөлімге жетекшілік жасайтын инженер-ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, облыс, республика көлемінде 2015 жылдың «Үздік оқытушысы», арнайы пәндер маманы, «Химия и технология переработки нефти и газа» атты оқу әдістемелік кешенінің авторы – Жукенова Сайлаухан Сатыбалдықызы.

Колледж әдіскерлері: Қараева Халида Айдынғалиқызы – тәжірибелі, жауапкершілігі мол білікті педагог-ұстаз, білім беру ісінің Құрметті қызметкері;

Дыбысова Роза Текебайқызы –тәжірибелі педагог-ұстаз, облыс, республика көлемінде «Жыл әдіскері-2014»,«Жылдың үздік мұғалімі - 2014» атты номинациялар иегері, ҚР Білім беру ісініңҮздігі.

Өндірістік тәжірибе жөніндегі жұмыстарды арнайы пәндер оқытушысы, өз мамандығының шебері, «Основы рыночной экономики и управление производством» оқу құралының авторы, директордың орынбасары Қожабергенова Гүлжанат Сүлейменқызы басқарады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәжірибелі инженер – ұстаз, «Электротехника негіздері» оқу құралының авторы - Искакова Рахат Досымбайқызы, колледждің тәрбие бөлімін жауапкершілікпен ұйымдастырып келеді.

Колледждің шаруашылық жұмысын тәжірибелі маман – Қонысбаев Зинел ұйымдастырып, жүргізеді.

Колледждің қаржы бөлімін өз мамандығының шебері, білікті финансист, 2015 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке қаражат түсіру, есеп жүргізу бойынша «Сала көшбасшысы» атанған Айсабаев Джолай Айсабайұлы басқарады.

Бүгінгі күні колледжде 19 мамандық бойынша орта буын мамандары даярланады, олардың 15-і техникалық бағытта.

Биылғы оқу жылында күндізгі бөлімде - 1439, сырттай бөлімде - 469, ал барлығы 1908 оқушы оқиды, күндізгі бітірушілер саны-399, сырттай бөлімде- 221.

Колледжде барлығы 179 қызметкер еңбек етеді, оның 98 –і оқытушылар, оның ішінде 1-ғылым кандидаты, 8- ғылым магистрі.

11 оқытушы «ҚР БжҒМ білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2 оқытушы Ы. Алтынсарин атындағы медалімен, 18 оқытушы ҚР БжҒМ Құрмет Грамотасымен, 51 оқытушы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

27 оқытушы жоғары санатты, 18 оқытушы бірінші санатты оқытушылар.

Бұл оқытушылар құрамының 46% құрайды.

Колледж құрылғаннан бергі 30 жылда оқытушылар мен қызметкерлердің бірнеше буыны ауысты. Колледжде күні бүгінге дейін жұмыс жасап жүрген оқытушыларға тоқталатын болсам, олар:

  • Есіркепова Тілектес Парахатқызы,
  • Ускинбаева Надежда Искандерқызы,
  • Ихсатов Айдынғали Азанұлы,
  • Сақтағанова Маржан Дүйсалиқызы,
  • Қожабергенова Гүлжанат Сүлейменовна.,
  • Ускинбаев Танат Мақсымұлы,
  • Нұрғали Гүлзипа Жатейқызы,
  • Тасқынбаева Тәрбие Мендешқызы,
  • Бабагулова Нұрзия Айтекенқызы,
  • Лақбаева Гүлнар Бұқанқызы,
  • Аймуханов Оразалы Куватович,
  • Баранкова Вера Ивановна,
  • Жубанышов Аманжол Жалғасұлы,
  • Мурзагалиева Тилекши Гиндашевна,
  • Жукенова Сайлаухан Сатыбалдиевна,
  • Жолбекеева Балмекен Алиевна,
  • Жаксыбаева Канша,
  • Маулибаева Рахиля Жумагалиевна,
  • Қуатова Рая Халеловна,
  • Қараева Халида Айдынғалиевна,
  • Емишева Қалампыр Көшкінбаевна.

Олардың тәжірибесі, білімдері, өмірлік ұстанымдары, жыл сайын сандары көбейіп келе жатқан жас педагогтардың өз жұмысына немқұрайлы қарамауына, ізденіспен еңбектенуіне бағыт бере алатын ұстаздар.

Майталман тәжірибелі ұстаздардың іс –тәжірибелерін жалғастырып, техникалық және кәсіптік білім беру ісінде өз үлесін қосып жүрген жас маман ұстаздарды да атап өтуге болады:

Олар, Салқынбаева Фатима – магистр, Ломоносов оқуларына қатысып жүрген жас маман, оқушыларды ғылыми жүмыстармен айналысуға бағыттап, студенттердің «Жастар» ұйымын басқарады, республика, облыс көлеміндегі байқаулар жеңімпазы, жастар арасында кәсіпкерліктің негізін үйретуде түрлі жобалар авторы.

Кенганова Ақнабат – оқушыларды ғылыми жұмыстармен айналысуға тәрбиелеп жүрген маман, шәкірті Балтабаев Серікбай  - Алматы қаласында АҚ БАҰО «Өрлеудің» бір жылдығы және ЭКСПО -2017 көрмесіне арналған «Болашақ осында басталады» атты 1-ші Республикалық инновациялық жобалар байқауына «Бағдаршамды гелиоэнергетикалық қондырғылармен қуаттау» жобасымен қатысты. Астанада өткен 5-ші халықаралық форумның көрмесіне қатыстыруға жолдама алып, жоба макеті форум көрмесіне қатысып келді.

Республикалық «Алтын диск-2015» байқауында 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы, жас маман Ражабова Аида Жұмабайқызы қатысып, жүлделі 3 орын иеленді.

2015 жылдың 30 қазанында облыстық «Жас мамандар-2015» байқауы ұйымдастырылды. Осы байқауға колледждің «Аманат» тобы қатысып, 1 орын иеленді.

«Аманат» тобы құрамында колледждің жас мамандары қатысты:

  1. Бахаева Нұрсила Рахметқызы.
  2. Касимова Гаухар Асқарқызы.
  3. Абдрахманова Айнұр Далабаевна.
  4. Дузбаева Жанымай Бисенбайқызы.
  5. Утешова Гүлмира Очилқызы.

Колледжде барлығы 7 пәндік циклдық комиссиялар (яғни бірлестіктер) еңбек етеді. Олар:

I. Жалпы білім беретін пәндер бірлестігі:

  1. Янгибаева Нағима Оруновна - орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, пән бірлестік жетекшісі
  2. Тасқынбаева Т.М. – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
  3. Нұрғали Г.Ж. – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
  4. Дыбысова Р.Т. – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
  5. Шугаюпова Х.Г. – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
  6. Қараева Х.А. – орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
  7. Есіркепова Т.Б. – орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
  8. Мамбетова Ж.Қ. – ағылшын тілі пәні мұғалімі
  9. Джубаева К.Т. – кәсіби шет тілі пәні мұғалімі
  10. Тасболатова Қ.Т. – кәсіби шет тілі пәні мұғалімі
  11. Самурадова А.К. – ағылшын тілі пәні оқытушысы
  12. Джоламанова Г.Х. – ағылшын тілі пәні оқытушысы
  13. Утешова Г.О. – өзін-өзі тану пәні оқытушысы
  14. Сұлтанова К. – мәдениеттану пәні оқытушысы
  15. Жаратылыстану–математикалық пәндер бірлестігі:
  16. Давишева Гүлбану Елубаевна – физика пәні мұғалімі, пән бірлестік жетекшісі
  17. Баймурзиева М. – математика пәні мұғалімі
  18. Серікбаева Ү. – математика пәні мұғалімі
  19. Декеева Д.Т. – математика пәні мұғалімі
  20. Есбергенова Ұ. – физика пәні мұғалімі
  21. Смағұлова Ж.К. – химия пәні мұғалімі
  22. Тасбергенова А. – химия пәні мұғалімі
  23. Кемелханова А. – информатика пәні мұғалімі
  24. Абуова А. – информатика пәні мұғалімі
  25. Абдуллаев Р.Б. – информатика пәні оқытушысы
  26. Жолбекеева Б.А. – география пәні оқытушысы
  27. Байсұлтанова Г.М. – география пәні оқытушысы
  28. Алтыбаева С.С. – биология пәні мұғалімі

ІІI. Дене тәрбиесі және АӘД пәндер бірлестігі:

  1. Матджанов Дұрсынбай Ысгакович. – дене тәрбиесі пәні мұғалімі, пән бірлестік жетекшісі
  2. Дүйсекенов Қ.Х. – дене тәрбиесі пәні оқытушысы
  3. Қараев И.А. – дене тәрбиесі пәні оқытушысы
  4. Смағұлов С.Ж. – дене тәрбиесі пәні мұғалімі
  5. Шамурадова А.А. – дене тәрбиесі пәні оқытушысы
  6. Джумаганбетова К.А. – дене тәрбиесі пәні оқытушысы
  7. Музапбаров А.Ш. – АӘД пәні оқытушысы
  8. Тоғызбаева Г. – АӘД пәні оқытушысы

ІV. Әлеуметтік - экономикалық пәндер бірлестігі:

  1. Берниязова Айнур Маратовна. – экономика негіздері пәні оқытушысы, пән бірлестік жетекшісі
  2. Лақбаева Г.Б – тарих пәні мұғалімі
  3. Ихсатов А.А – философия пәні мұғалімі
  4. Таймасова Л.Е. – тарих пәні мұғалімі
  5. Канатжанова К. – мәдениеттану пәні оқытушысы
  6. Салқынбаева Ф.Д. – экономика негіздері пәні оқытушысы
  7. Дүтбаева Д – кәсіпорын экономикасы пәні оқытушысы
  8. Қожабергенова Г.С. – кәсіпшілік экономикасы және өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру пәні оқытушысы
  9. Мухаммедова А.Т. – арнайы пәндер оқытушысы
  10. Бахаева Н.Р. – арнайы пәндер оқытушысы, туризм
  11. Насырова Ж. – арнайы пән оқытушысы, туризм
  12. Сандыбаева С. – экономикалық талдау пәні оқытушысы
  13. Касимова Г.А. – арнайы пәндер оқытушысы, туризм
  14. Избанова Г.М. – менеджмент және маркетинг негіздері пәні оқытушысы

V. Электротехника, автоматтандыру және ақпараттық технологиялар пәндер бірлестігі:

  1. Ускимбаева Надежда Искандеровна. – арнайы пәндер оқытушысы, пән бірлестік жетекшісі
  2. Искакова Р.Д. – арнайы пәндер оқытушысы
  3. Кушербаева Ш. – арнайы пәндер оқытушысы
  4. Кеңесова А.Б. – арнайы пәндер оқытушысы
  5. Айтджанова М.Н. – арнайы пәндер оқытушысы
  6. Шүренбаева К – арнайы пәндер оқытушысы
  7. Сейдахметова А.К. – информатика пәні мұғалімі
  8. Ражабова А. – информатика пәні оқытушысы
  9. Уразова А.А. – информатика пәні оқытушысы
  10. Абдирахманова А.Д. – информатика пәні оқытушысы
  11. Дузбаева Ж.Б. – арнайы пәндер оқытушысы
  12. Гильманова Г.С. – арнайы пәндер оқытушысы
  13. Жазыкбаева А.Ж. – арнайы пән оқытушысы
  14. Жарылғасова Х. – жалпы техникалық пәндер оқытушысы
  15. Якубова Д.К. – арнайы пән оқытушысы

VI. Мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша  пәндер бірлестігі:

  1. Сегізбаева Жанар Қожахметқызы – арнайы пәндер оқытушысы, пән бірлестік жетекшісі
  2. Маулибаева Р.Ж – арнайы пәндер оқытушысы
  3. Ускимбаев Т.М – арнайы пәндер оқытушысы
  4. Жукенова С.С. – арнайы пән оқытушысы
  5. Мурзағалиева Т – арнайы пәндер оқытушысы
  6. Емишева Қ.К – арнайы пәндер оқытушысы
  7. Бектлиева Г. – арнайы пәндер оқытушысы
  8. Сақтағанова М.Д. – арнайы пәндер оқытушысы
  9. Сұлтанова Д.С. – арнайы пәндер оқытушысы
  10. Қаламбаева Г – арнайы пән оқытушысы
  11. 11 Ходжанепесова А. – еңбекті қорғау пәні оқытушысы
  12. Хоханова Г. – экология пәні оқытушысы

VII. Инженерлік - техникалық пәндер бірлестігі:

  1. Бабагулова Нұрзия Айтекеновна – жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы
  2. 2. Избасова М.Б. – арнайы пәндер оқытушысы
  3. Қайырбаева А. – арнайы пән оқытушысы
  4. Башиев А.М. – арнайы пәндер оқытушысы
  5. Лұқпанова С. – арнайы пәндер оқытушысы
  6. Аймуханов О.Қ – жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы
  7. Кенғанова А – арнайы пәндер оқытушысы
  8. Керимова А.Г. – арнайы пәндер оқытушысы
  9. Конашева А.Б. – арнайы пәндер оқытушысы
  10. Жылқыбаева Ж.М. – жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы
  11. Қуатова Р.Х. – арнайы пән оқытушысы
  12. Утигенова Р.Х. – жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы
  13. 13. Рахманова А.Б. – арнайы пән оқытушысы
  14. Ескелді Р.Ж. – арнайы пәндер оқытушысы
  15. Жұбанышев А.Ж. – инженерлік графика және сызу пәні оқытушысы
  16. Биманова М.Е. – сызу пәні оқытушысы
  17. Керимова Ж. – сызу пәні оқытушысы

Колледж базасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің №191 бұйрығы негізінде «Мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыс жасайды».

Мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыты - кәсіптік білім беру мазмұнын одан әрі жетілдіру, оқу-тәрбие, өндіріс үрдісін әдістемелік қамту, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының озық тәжірибесін оқып-зерттеу мен тарату.

Колледж оқытушылары мен мамандарының шығармашылық тобы 15 жыл бойы мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын дайындаумен, бекітілген стандарттар бойынша типтік оқу бағдарламаларын дайындаумен, арнайы пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендар дайындаумен айналысып келді,

Маулибаева Р.Ж., Майлыбаева Г.Ж., Сактаганова М.Д., Мырзағалиева Т.Г., Жукеновалардың С.С. – лардың оқулықтары сынақтан жақсы өтіп, қазіргі таңда көбейтіліп басылымдардан шықты, республикамыздың оқу орындары пайдалануда.

Мұнай - газ ісі мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік 2014 жылдан бері республика көлемінде кәсіби білім беру стандарттарын, модульдық оқу бағдарламаларын, интеграцияланған оқу бағдарламаларын жасақтаумен айналасуда.

2012 жылы «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша «Техникалық және кәсіптік білімді модернизациялау» жобасына сәйкес халықаралық «Дамытудың институциальдық жоспарында» белгіленген Дүниежүзілік Банктің 56 млн. қаржысын колледж ұжымы конкурста жеңіп алды.

56 млн. теңгеге мұнай және газ ісі мамандықтары бойынша оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен, жаңа заман талабына сай оқу -лабораториялық жабдықтармен, тренажер -имитаторлармен қамтамасыз етілді.

Колледжінің материалдық – техникалық базасы үнемі толықтырылуда. Колледж балансында 3 оқу ғимараты мен студенттердің слесарлық-механикалық практикасын өткізуге арналған оқу полигоны және шеберханасы бар.

Елбасымыздың тапсырмасы бойынша елімізде техникалық және кәсіптік білім беру саласын модернизациялау кезеңі басталды. Осыған орай, Қазақстанда оқу орындарының басым бөлігі дуальды оқыту жүйесіне көшті.

Осы бағытта колледжде

2012-2013 оқу жылынан бастап 0801000–«Мұнай және газ скважиналары және бұрғылау жұмысының технологиясы»,

2014-2015 оқу жылынан бастап 0819000–«Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша эксперименттік алаң құрылып, жұмыстар жүргізу қолға алынды.

Осы орайда, «Бұрғылау» ЖШС-і және «ҚазГӨЗ» ЖШС-і мамандарымен бірлікте «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің шығармашылық тобы аталған мамандықтардың дуалдық оқыту жүйесіне арналған эксперименттік модульдік оқу бағдарламасын дайындады.

Колледждің материалдық - техникалық базасын нығайту мақсатында соңғы 3-4 жылдар ішінде 151,0 млн. теңге бөлініп, оған мамандықтарға сәйкес оқу-лабораториялық стенділер, оқу құралдары, көрнекіліктер алынып, қазіргі таңда оқу процесінде пайдаланудамыз.

Соңғы 3-4 жылдың есебі бойынша әлеуметтік серіктестеріміз ЖШС «Құрманғазы Петролеум» барлығы 116 жетім, жартылай жетім, мүжәлсіз отбасы оқушыларының төлем ақысы мен шәкірт ақысын төлеп келеді, ал  ЖШС «Н Оперейтинг Компани» барлығы – 79 оқушы оқытты, АҚ «Өзенмұнайгаз» – 94 студентті тегін оқытты.

Колледждің базалық кәсіпорындары:

  1. АҚ”Озенмунайгаз” – Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы
  2. ЖШС ”Бұрғылау” – Сариев Асхат Муратович
  3. ЖШС «ҚазГӨЗ» – Нагманов Карим Cарсенгалиевич
  4. ЖСШ «КРУЗ» – Cоюнов Нұрсейт Жомартович
  5. АО «Узенпромгеофизика» – Тулесинов Жаңбырбай Ергалиевич
  6. МКҚК”ОзенЭнергоСервис” – Мухаммедов Сүйіндік Туркменбаевич
  7. ЖШС «Люкс» – Кизамбаев Киікбай Коңілімқосович
  8. ҰК «Қазақстан темір жолы» ”Маңғыстау жол бөлімшесі” АК филиалы «Өзен» станциясы – Губашев Н.Б.
  9. АК филиалы «Өзен» станциясы – Есибаев Жолмурат А.
  10. ЖШС «Жөндеу» – Айткулов Жайық Алпамышұлы.
  11. Қалалық білім бөлімі – Азан Гүлайым Бақытқызы.
  12. ЖШС"Кен-Құрылыс-Сервис" – Исабергенов Жылқыбек мырза.
  13. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технология колледжі – Нугманов Тұрсынбек Абатович

Осы аты аталған мекемелерде студенттер өндірістік және технологиялық тәжірибелерден өтеді. Студенттерге тәжірибеден өтуге мүмкіндік бергендері үшін мекеме басшыларына алғысымыз шексіз.

Оқу орнының өткені мен қазіргі жағдайының көрінісі – оның түлектері, колледжде 30 жыл ішінде 10 мыңға жуық орта буын маманы даярланды.

Колледж қабырғасынан мұнай-газ өндірісінің басты салаларының мыңдаған тамаша мамандары шықты, олардың көпшілігі оқуын жоғары оқу орындарында жалғастырып, өндірістің басшылары, басты мамандары, ғылыми дәрежесі бар мамандар атанды.

Өзінің еңбегімен еленген, жақсы жетістіктерге жеткен түлектерімізді атап өтсек артық болмас еді, бірақ олар көпшілік болуына байланысты, олардың толықтай есебі мекемелер бойынша алынып, колледждің мәліметтер базасына енгізілді, қазіргі таңда олар Жаңаөзен қаласының аймағында орналасқан белгілі, ірі өндірістік мекемелерде  еңбек етуде.

Колледжде адамгершілік, қазақстандық патриотизм, төзімділік, салауатты өмір салты тәрбиесіне бағытталған тәрбие жұмысына көп көңіл бөлінеді. Бұл міндеттерді шешу үшін «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасына» негізделген тәрбие жұмысының жоспары құрастырылып, жүзеге асырылады.

Колледждегі тәрбие беру жұмысының, студенттердің «Өзін өзі басқару» ұйымы жұмысының озық педагогикалық іс - тәжірибесі облыс көлемінде таратылды.

Қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаларының басты мақсаты – ой өрісі кең, дүниетанымы жоғары, таңдаған мамандығына сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндігі бар жастарды азамат, маман және тұлға ретінде тәрбилеу болып табылады.

Колледжде студенттердің шығармашылықпен жұмыстануына барлық жағдай жасалған: рухани-әдеп мектебі, би ансамблі, көркемсөз оқу шебері, драма үйірмесі, домбырашылар ансамблі, КТК клубы, жас ғалымдар кеңесі жұмыс жасайды.

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай өткен облыстық патриоттық әндер байқауында 3ДП-13Б тобының оқушылары бас жүлдегеие болды., Қазақ хандығының 550 жылдығына «Ғасырлар куәсі», Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына «Бір шаңырақ астында», «Ешкімде, еш уақытта ұмытылмайды» атты тақырыбында Ұлы Отан соғысының, Ауған соғыс ардагерлерімен кездесіп, ұрпақ сабақтастығына ұлтжандылық, патриоттық тәрбиенің маңызы туралы ой-толғау, пікірлесу  жоғары деңгейде  өтті.

Жыл сайын өтетін «Маңғыстау жұлдыздары» облыстық фестиваліне колледж таланттылары белсенділілікпен қатысады.

24.11.2015 ж. күні Ақтау қаласында өткен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған облыстық драма ұйымдарының  байқауында  колледждің өнерлі студенттері III  орынға ие болды.

2014 ж. Ф.Оңғарсынованың 75 жылдығына орай өткізілген қалалық мәнерлеп оқу сайысында  Алибаев Алтынбек бас жүлдеге ие болды.

2015 ж. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін 3ЭБУ-12Б тобының студенті  Калыева Айсулу қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

4ТХНГ-12Б тобының студенті Алибаев Алтынбек «Жыл студенті-2015» облыстық байқауының «Үздік белсенді студент» номинациясының жеңімпазы атанды.

Тарихи өлкетану мұражайларына, тарихи орындарына экскурсиялар ұйымдастырылып тұрады. Ағартушы, ғалым-геолог Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының  тұған жері  Қызылсуға 2015 жылдың қазан айында колледждің белсінді студенттері және оқытушылары барып, ғалымның жұмыстарымен танысты, сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Сабақтаң тыс уақытта мәдени шараларды жоғарғы денгейді өткізіп жүрген топ жетекшілері атап өтуді жөн көріп отырмын: Алтыбаева Салима Саттуровна, Декеева Дариға Тутаевна, Есиркепова Тлектес Парахатовна, Кенесова Айгүл, Сандыбаева Светлана, Лақбаева Гүлнар Бухановна.

Колледж тұғырын биіктен көрсете білген өнерлі, талантты студенттерді меретой қарсанында атаудың өзі мақтаныш білемін.

Колледж студенттері арнайы пәндер бойынша облыстық олимпиадаларға, кәсіби шеберлік, экологиялық білім сайыстарына, тақырыптық ғылыми жобаларды қорғау сайыстарына белсене қатысады. Студенттеріміз негізінен жеңімпаздар атанады.

Спорттық жарыстардан да  колледж студенттері жүлделі орындар алуда.

Жетекшілері: Смагулов Саламат Жәнгірұлы, Матджанов Турсынбай Ысқақұлы, Дүйсекенов Құлыбек Хасенұлы.

Қадірменді қонақтар! Құрметті әріптестер, колледж студенттері мен ата-аналары, колледж түлектері баршаңызды колледждің 30 жылдығымен құттықтаймыз, толағай табыс, еңбектеріңізге жақсы жетістіктер, отбасыңызға береке-бірлік, амандық тілейміз. Еліміз тыныш, жүртымыз аман болсын!