Charity Event

  Адам өміріндегі ең игі істердің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген  жәрдемін ұсынып жүрген О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледж ұжымы.

   

  О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық  колледжінде 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Жомарт жүрек» атты колледжішілік «Студент дүкені» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

   

  «Студент дүкені» қайырымдылық акцияның мақсаты: Колледжде оқитын көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушыларға қолдау көрсету.

   

  Алғыс  -  адамның  адамға  жасаған  жақсылығы,  көмегі,  көңілі үшін ризашылық  білдіруі,  сондай-ақ  оның  ойы  мен  іс –әрекетіне,  жасаған  істеріне  жоғары  баға  беруі  -  дей  отырып, колледж  директоры Ускимбаев Танат Максимұлы қайырымдылық акцияға атсалысқан ата-аналарды, колледж оқытушыларын, білім алушыларды, «Жастар» ресурстық орталығынан келген қонақтарды құттықтап, алғысын білдірді.   Қайырымдылық акцияға қатысқан барлық  топ жетекшілерін колледждің Алғыс хатымен марапаттады.