О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің дене шынықтыру пәні бойынша 2019/2020 оқу жылының есебі.

    2019/2020 оқу жылында дене шынықтыру пәнінің мақсаты және міндеті түсіндірілді. Дене шынықтыру пәнінің күн парақтық жоспарын Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған дене тәрбиесі  оқу бағдарламасы Алматы 2015 жылғы бағдарламаға сәйкес құрастырылды, оның бөлімдерімен білім алушыларды таныстырылды, спорттық іс-шаралардың жоспарымен таныстырып,теориялық сабақ өтуімен басталды.

   «Жаңаөзен қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі» басшысының міндетін атқарушы .А.Джалғасбаеваның 04.09.2019 жылғы №01-25/821 хатына орай «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің- Елбасының тестілерін өткізіу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және  2014 жылғы 21 қарашасында ҚР Мәдениет және спорт Министрінің №316 бұйрығына сәйкес 08-13.09.2019 жыл күндері, О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде президенттік сынақтың жазғы спорт түрінен  қабылданды. Қорытынды есебі Жаңаөзен қаласындағы дене шынықтыру және спорт бөліміне жолданды.

   «Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда» ұранымен қала көлемінде өткізілген іс-шараға 200 оқушы және екі оқытушы  Матджанов Д және Джумағанбетова Қ. қатысты.

    Колледж біріншілігі үшін топтар арасында Әмин Тұйяков атындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан жарыс болып өтті. Жарысты дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Джумағанбетова  Қамар ұйымдастырды.

   Жастар жылына арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқшылары арасында 2019 жылдың 8-9 қараша күндері Ақтау қаласындағы 17-ші шағын аудан «Сұңқар» теннис залында өткізілген облыстың жарысқа колледждің құрама командасы қатысты. Команда жаттықтырушысы дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Дуйсекенов Құлбек.

   Маңғыстау облысының білім басқармасының бастауымен, Маңғыстау облысы білім саласындағы қызметкерлерінің Спартакиада бағдарламасы бойынша спорттың бес түрінен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, 2019 жылдың 12-13 желтоқсан айында өткізілген Спартакиадаға, колледж қызметкерлерінің құрама командасы қатысып төртінші орынға ие болды.

     2019 жылдың 23 қарашасында колледж біріншілігі үшін топтар арасында дойбыдан жарыс өткізілді. Жарысты ұймдастырған дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Дуйсекенов Құлбек.

   2019 жылдың 29-30 қарашасында «1-Желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай колледж біріншілігі үшін ұлдар арасында волейболдан жарыс болып өтті. Жарысқа 10 команда қатысты, жарыс өз деңгейінде өтті.Жарысты ұйымдастырған дене шынықтыру пәнінің жетекшісі Матджанов Дурсынбай.

    Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталғы, Маңғыстау облысы білім беру ұйымдарындағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы №103 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты 2017 жылдың 29 қарашасында ҚР Мәдениет және спорт Министрінің №316 бұйрығына сәкес 29.01-05.02.2020 жыл күндері О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде президенттік сынақтың қысқы спорт түріннен  қабылданды.Президенттік  сынаққа 858 оқушы қатысты, 68 оқушы денсаулығына байланысты президенттік сынақтан  босатылды.

   2020 жылдың 6 наурыз күні 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай қыздар арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысты дене шынықтыру пәнінің жетекшісі Матджанов Дурысбай және пән оқытушысы Джумағанбетова Қамар ұйымдастырды.Жеңімпаз командалар мақтау қағазымен марапатталды.

    Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталғы ҚР БFМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» Білім және ғылым министрлігінің 15.05.2020 жылғы  №3-15-6/1797 хатындағы, 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Барлығы балалар үшін» облыстық акция аясында «Қазақстан балалары спортты таңдайды» таңғы жаттығу өткізіліп бейнетаспаға түсіріліп,Маңғыстау аймақтық  дене тәрбиесі орталығына жіберілді.

  «Жастар» спорт кешенінде сабақтан тыс уақытта үйірмелер көрсетілген кестеге сейкес жұмыс жасады.

 

Колледж атауы

Спорт залдарда өткізілетін спорттық секциялардың

атауы

Спорттық секциялардың жаттықтырушысының аты-жөні, байланыс телефоны

Спорттық секциялардың өткізілетін күні, уақыты

Спорт үйірмелеріне қатысатын оқушылар саны

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі.

Волейбол (ұл)

Матджанов Дурсынбай

2-5 күн. 1830-2000

24

Волейбол (қыз)

Матджанов Дурсынбай

2-5 күн. 1700-1830

19

Футбол (ұл)

Матджанов Дурсынбай

3күн.     1700-1830

25

Баскетбол  (ұл)

Матджанов Дурсынбай

3күн.     1830-2000

21

Үстел теннис

Дуйсекенов Құлбек

1-4 күн. 1700-1830

17

Дойбы

Дуйсекенов Құлбек

1-4 күн. 1830-2000

16

Барлығы:

 

 

 

122


 
Үйірме кестесі жасақталып бекітілді және үйірме жетекшілері Матджанов Дурыснбайға және Дуйсекенов Құлбекке факультатив сағат есебінен төлем ақы төленді. Үйірменің мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын қолыптастыру, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, ұжымдық қатнастар орнату, наша қорлыққа жол бермеу спортқа деген қызығыушылығын арттыру.Қазіргі таңда «Жастар» спорт кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Дене шынықтыру пәнінің жетекшісі:                      Д.Матджанов.