Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік

 

   Колледж базасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 14.04.2000 жылғы №334 бұйрығы негізінде мұнай-химия өндірісі технологиясының мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік құрылды.

2007 жылғы 13 сәуірден бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің №191 бұйрығы негізінде «Мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік» деп атала бастады.

   Оқу-әдістемелік бірлестігінің шығармашылық тобының алдындағы республикалық деңгейдегі міндеті – еліміздің экономикасының дамуына сай, орта буын мамандарына деген өндірістің сұранысына және өндіріске енгізіліп отыратын жаңа технологиялар мен жабдықтықтарды пайдалану жолдарын игерген, мамандар дайындауды қамтамасыз ететін үнемі жетілдіріліп отыратын, мұнай және газ саласы мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті қазақстандық стандарттарын және соған сәйкес типтік білім беру бағдарламаларын жасау.

   Колледждің оқу-әдістемелік бірлестік болуына байланысты шығармашылық топ мүшелерінің ұйымдастыруымен орта кәсіптік оқу орындарына арналған 15 жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарын және 11 оқулық, 31 оқу-әдістемелік кешендер жазып, 2 электрондық оқулық және «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламаларын жасақтады, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер қазіргі таңда республикамыздың түп - түпкірінде сынақтан (апробациядан) өтуде.

   Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын негізге ала отырып, колледжінің «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің шығармашылық ұжымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 31шілде 2008жылғы №730 бұйрығына сәйкес 10мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын және деңгейлік оқу бағдарламасын жасақтады және 6мамандықтың арнайы және жалпы кәсіптік пәндерінің бағдарламаларын дайындады, олар бекітілді және іске қосылды.

   Күні бүгін 3мамандықтың арнайы және кәсіптік пәндерінің бағдарламалары дайындалуда.

   Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары және техникалық және кәсіптік білім берудің деңгейлік оқу бағдарламалары:

  1. 0801000 – «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы»;
  2. 0805000 – «Мұнай және газды сақтау және тасымалдау»;
  3. 0807000 – «Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»;
  4. 0808000 – «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»;
  5. 0809000 – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану»;
  6. 0810000 – «Мұнай-газ және жанар май құю станцияларын салу мен пайдалану»;
  7. 0819000 – «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»;
  8. 0803000 – «Компрессорлық стансалардың және жерасты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсету»;
  9. 0804000 – «Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждаушы»;
  10. 0806000 – «Скважиналарды мұнай мен газға сынау».

Төмендегі стандарттар бойынша арнайы және жалпы кәсіптік пәндерінің типтік оқу бағдарламалары дайындалды.

  1. 0801000 – «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы»;
  2. 0808000 – «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»;
  3. 0809000 – «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану»;
  4. 0819000 – «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»;
  5. 0805000 – «Мұнай және газды сақтау және тасымалдау»;
  6. 0807000 – «Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»;

Бұлардан басқа арнайы пәндер оқытушылары мемлекеттік және орыс тілдерінде оқулықтар дайындады. Олар республикамыздың оқу орындарында апробациядан өтуде.

 

Авторлар

Оқулық аттары

1

Маулибаева Р.Ж

Компрессорные  установки и насосы. УЛ

2

Маулибаева Р.Ж

Компрессорные установки и насосы. УЛ

3

Мурзагалиева Т.Г., Жукенова С.С.

Газ саласындағы химия технологиясы. Оқу құралы.

4

Майлыбаева Г.Ж.

Повышение производительности скважин. Учебное пособие.

5

Емишева К.К.

Сборник тестов по геодезии.

6

Майлыбаева Г.Ж.

Новые технологии добычи нефти. Учебно-методическое пособие.

7

Искакова Р. Д.

Электротехника негіздері. Оқу құралы.

8

Ускимбаева Н.Е

Электр машиналар және трансформаторлар. Оқу құралы.

9

Маулибаева Рахила Жумагалиевна

Мұнай-газ өңдеу процестері және аппараттары Оқу құралы.

10

Мурзагалиева Тлекши Гиндашевна

Жукенова Сайлаухан Сатыбалдиевна

Основы технологии отрасли. Учебно-методическое пособие.

11

Ускимбаев Танат Максимович

Технология бурения нефтяных и газовых скважин. Учебное пособие.

12

Сактаганова Маржан Дуйсалиевна

Нефтепромысловые машины и механизмы. Учебное пособие

13

Сактаганова Маржан Дуйсалиевна

Мұнайды жинау және дайындау.  Оқу-әдістемелік құралы.

Мұнайкәсіпшілік машиналары мен механизмдері. Оқу құралы.

14

Мурзагалиева Тлекши Гиндашевна

Жукенова Сайлаухан Сатыбалдиевна

Химия и технология переработки нефти и газа.  Учебно-методическое пособие.

15

Майлыбаева Гульмаржан Жаулыбаевна

Эксплуатация нефтяных и газовых месторождений.  Учебное пособие.

16

Емишева Калампыр Кушкинбаевна

Гидравлика (есептер жинағы)

17

Маулибаева Рахила Жумагалиевна

Процессы и аппараты химической технологии. Учебное пособие.

18

Куатова Рая Халимовна

Эксплуатация бурового оборудования УЛ

19

Жукенова Сайлаухан Сатыбалдиевна

«Өндірісті бақылау және анализ». Оқулық.

20

Майлыбаева Гульмаржан Жаулыбаевна

Мұнай және газды өндіру техникасы мен технологиясы

21

Кожабергенова Гульжанат Сулейменовна

Основы рыночной экономики и управление производством УЛ

 

Осы оқу-әдістемелік кешендердің ішінен үшеуі күні бүгін «Фолиант» баспасынан шығарылып, оқу орындарына сатуға жіберілді.

Олар:

  1. Маулибаева Рахила Жумагалиевна – «Мұнай-газ өңдеу процестері және аппараттары» оқу құралы.
  2. Майлыбаева Гульмаржан Жаулыбаевна – «Мұнай және газды өндіру техникасы мен технологиясы» оқу құралы.
  3. Сактаганова Маржан Дуйсалиевна – «Мұнайкәсіпшілік машиналары мен механизмдері» оқу құралы.

Колледжде оқытылатын жалпы білім беретін және арнайы пәндер бойынша 53 пәннен лекциялар, тест және практикалық есептер жинағы мемлекеттік тілде жазылып, оқу процесінде кітапша және электрондық тұрғыда қолданылуда.

Қазіргі таңдағы «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмыс миссиясы: «Әлемдік білім беру кеңестігінде бәсекеге қабілетті және экономиканы индустриялық-инновациялық дамытудың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін, тиімділігі жоғары техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік жұмыс жүйесін қалыптастыру».

Жаңа нормативті білім құжаты енгізілуіне байланысты, мұнай–газ ісі мамандықтарына типтік оқу жоспары мен білім беретін бағдарламаларын жасақтау (2011 жылғы 24 қазандағы ҚР «Білім» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ТжКБ жүйесінде біріңғай болып, онда негізгі қалып айқындалды.

Соған сәйкес, Жаңа нормативті білім құжаты енгізілуіне байланысты, «Типтік оқу жоспары мен білім беретін бағдарлама» әрбір мамандыққа жеке жасақталды.

«Мұнай-газ ісі» оқу-әдістемелік бірлестігінің алдында тұрған міндетері:

  1. Оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану, оқу процесіне оқу-әдістемелік және ғылыми жаңалықтарды енгізу яғни оқу үрдiсiнде, жалпы техникалық және арнайы пәндердi меңгерту мақсатында жаңа технологияны пайдалана бiлу, педагог кадрлардың әдістемелік-кәсіби деңгейін көтеру, студенттердiң бiлiмi мен бiлiктiлiк деңгейiн тәуелсіз бағалаудың түрлi әдiстерiн қолдану әдістемелерін жетілдіру;
  2. Дүние жүзілік білім кеңістігімен байланыста болу, яғни техникалық және кәсіптік білім беруге еуропалық жоғары білімнің кірігуін қамтамасыз ету;
  3. Жоғары мамандандырылған және бәсекеге қабілетті маман даярлау ісіне жан-жақты жағдай жасау;

Бұл міндеттерді шешу жолдары:

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, қос бағытты білім беру жүйесі, яғни оқу орны мен жұмыс берушінің әлеуметтік серіктестігі негізінде дуальдық оқыту жүйесін енгізу және оның оқу-әдістемелік құралдарын жетілдіру.