О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды және техникалық колледжі: Міндеттер және құқықтар

  1. Колледж міндеті:
  • Студент қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан даярлау және әр студентің қаблетін арттыруға педагогика-психологиялық тұрғыдан жағдай жасау;
  • Студенттің сабаққа қатысуына жағдай жасау;
  • Студенттің кәсіптік-техникалық мамандық алуына барлық жағдай жасау;
  • Студент іс-әрекетін оның жасына, жеке ерекшелігіне сәйкес ұйымдастыру;
  • Осы ішкі тәртіп ережесі бойынша колледж талаптарын сақтау;
  1. Ата-ана міндеті:
  • Колледж Жарғысын және ішкі тәртіп ережесін, жауап беретін оку орны талаптарын сақтауға;
  • Кәмілеттік жасқа толмаған (18жас) студенттердің 22.00 уақытынан кейін көшеге мезгілсіз, қадағалаусыз жібермеуге;
  • Оқу үрдісінен кейін криминалдық және басқада тәртіпсіздігіне жол бермеуге немесе болған жағдайда өз жауапкершіліктеріне алуға;
  • Үнемі сабақ барысында және одан тыс уақытта студенттің (баласының) үлгерімі туралы және тәртібі бойынша топ жетекшісімен байланыста болуға;
  1. Ата-ана міндеті:
  • Сабаққа келу және қайтар жолдарында студент өмірінің қауіпсіздігіне;
  • Колледждің ішкі талаптарын қатаң орындауға;
  • Студенттің сабаққа кешікпей уақытымен қатысуын дағдылауға, себепсіз сабақтан қалдырмауға (КР «Білім туралы» Заңы 49 бап, 4-тармағына сәйкес);
  • Оқу бағдарламасына сәйкес тапсырмаларды уақытында тапсыруға;
  • Сабақтан қалу себебін бекітілген топ жетекшісіне ескертуге;
  • Студент әр түрлі себептермен жіберген сағаттарын көрсетілген мерзім ішінде бекітілген кестеге сәйкес пән оқытушысынан тапсырмасын алып тапсыруға;
  • Колледж ішкі тәртібіне сәйкес оқу жылы барысында оқу формасын сақтау (қыз балдар: ақ түсті жиде және қара юбка, ұл балдар: ақ түсті жейде, кара шалбар) және әр түрлі діни ағымдарындағы киім үлгілерімен оқу орнына келтірмеуге;
  • Колледжге спорт кастюммен (тек дене тәрбиесі сабағында рұқсат етіледі) джинсы, шорты, майкамен және сүйретпе аяқ киіммен бармауға дағдылауға;
  • Студент колледжге келе алмайтын жағдай болғанда бір күн бұрын топ жетекшісіне хабарлауға;
  • Студент колледжге гигиеналық талаптарға сәйкес, таза киіммен жіберуге;
  1. Студент міндеті:
  • Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сәйкес, «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстану тиіс» қағидасын ескере отырып,
  • Колледж аймағында, көршілес орналасқан үйлер, аялдама маңында тәртіппен, тазалықты сақтауға;
  • Қауіпсіздік шараларын сақтауға;
  • Жеңіл жанғыш және тұтанатын заттарды, газбаллондарды, қару-жарақтты пайдаланбауға, ұстамауға, оқу орнына әкелмеуге;
  • Сабақ барысында қөрсетілген аймақта жүрмеуге;
  • Сабақ кестесі бойынша сабаққа міндетті түрде қатысуға;
  • Колледж ішінде, оқу кабинеттерінде тәртіпсіздік жасамауға, темекі шекпеуге, түкірмеуге, қағаздар мен басқада керексіз заттарды жөнсіз тастамауға;
  • Сабақ барысында мобельді телефондарды, планшеттерді жөнсіз жеке бағытта қолданбауға;
  • Колледжге наркотикалық және алкоголді ішімдік ішіп келмеуге, (бүндай жағдайда студент ескестусіз оқудан шығарлады);
  • Колледж немесе жатақханада, яғни қоғам мүлкін бүлдірмеуге және сындырмауға, ал ондай болған жағдайда кінәлі студент сол мүліктің нарықтық құнын төлеуге немесе жөндеуге міндетті;
  1. Топ жетекшісінің міндеттері:
  • Жетекші ететін тобына семестрлік және жылдық жоспар құруға;
  • Студентерді адамгершілік рухпен ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, қоғамға қарсы, қөз қарас туындаған жағдайда келеңсіз пікірлерге мойынұсынбаушылыққа дағдыландыру. Өз-өзін тәрбиелеу мен білімін жетілдіруге үйретуге;
  • Кесте бойынша топ сағаттарын өткізуге;
  • Күнделікті сабаққа қатысуын, формасын қадағалауға, (әр түрлі діни бағыттағы киім үлгілерімен оқу орнына кіруге тиім салуға);
  • Киын студентермен жұмыс жүргізуге;
  • Студенттердің ата-аналарымен тығыз қарым-қатнаста жиі байланыстаболуы, ата-аналар жиналыстарын өткізуге;
  • Сабаққа қатыспаған және себепсіз қалатын студенттермен жұмыс жүргізуге;
  • Қажетті құжаттарды уақытылы жинақтау; (әскери комиссариат, банк, емхана);
  • Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары және жастар комитетімен тығыз байланыста жұмыс жасауға;
  • Топ жетекшісінің міндеттемесі ретінде заңдылық және азаматтық жауыпкершілікті жүктеуге;
  • Топ жетекші өз тобындағы студенттерді сабақтан тыс қоғамдық шаралармен үйірмелерге тартуға;
  • Өзіне бекітілген топ студенттерінің тәртіп ережелерін бұзғандығы туралы «Кураторлар кеңесінде» есеп беруге;
  • «Кураторлар кеңесінде» апталық, айлық және жылдық атқарылған шаралары жөнінде есеп беруге;

5.1. Сабақты көп қалдырған студентті төмендегі жағдайларға байланысты кіргізуге;

  • Ауырып қалғанда (уақытында ескерткенде және анықтамасы бар болса);
  • Санаториялық-ақпараттық емдеу (жазбаша түрде уақытылы ескеркен және анықтамасы  бар болса);
  • Карантинде (Уақытылы жазбаша ескерткенде және анықтамасы болса);
  1. Колледж құқықтары:
  • Сабаққа қатысуға денсаулығы кедергі келтіретіні туралы дәрігердің қортындысы болған жағдайда студентті қайтадан кіріктіру;
  • Себепсіз сабақтан қалған жағдайда студенттерге колледж ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес 18 сағат сабақтан қалса – ескерту 24 сағат – қатаң ескерту беріледі, 48 сағат сабақтан қалған студент колледжден шығарлады;
  • Студент себепсіз сабақтан қалып, үлгермеуіне байланысты оқудан шығарылса және сабақтан тыс уақытта әт түрлі қылмыстық жағдайларды колледж жауапкершілігінен алынып тасталады;
  • Колледж ішінде немесе аймағында, жатақханада төбелесуге, ұрынуға, біреулерді үркітіп-қорқытуға, әркімнің жеке заттарын бопсалауға тиым салынып, аталған жағдай орын алса, студент оку орнынан шығарлады және құқық қорғау орындары есебіне тіркеледі;
  • Ата-аналар (заңды тұлғалар) өз міндеттерін орындамаған жағдайда осы «Ішкі тәртіп» ережесін бұзу болып есептелініп, ата-анаға ескерту беріледі;
  1. Ата-аналар құқықтары:
  • Студенттермен жүмысты жандандыру туралы ұсыныстар енгізу;
  • Ішкі тәртіп ережесі талаптарын орындауын талап ету;
  • Топ жетекшісінен студенттің (баласының) сабақ үлгерімі және тәртібі туралы білуге.