Наурыз-көрісу мерекесіне дейін қалған уақыт:
2
2
2
2
Күн
0
0
5
5
Сағат
0
0
4
4
Минут
5
5
5
5
Секунд
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

 

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің ішкі тәртібінің ережелерінен

 

Ішкі тәртіптің ережелерінің мақсаты – тәртіпті нығайтумен қатар, оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің демократиялығы мен ізгілендірілуін қамтамасыз ету, жұмыс пен оқуды дұрыс ұйымдастыру, жұмыс уақытын толық және тиімді пайдалану, оқу және тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру.

Оқу сағатының ұзақтығы 90 минут деп белгіленді, сабақтар арасында 15 минуттық үзіліс.

Әр сабақтың басталуы жөнінде оқытушылар мен оқушылар екі қоңыраумен құлақтандырылады - ескерту (оқу басталуына 2 минут қалғанда) және екіншісі – оқудың басталғандығы туралы.

Сабақ аяқталғанда қоңырау 1 рет соғылады.

Оқу басталып кеткеннен кейін сабаққа кіруге үзіліске дейін рұқсат етілмейді.

Бөгде келушілер сабаққа директордың не оның оқу ісі жөніндегі орынбасарының рұқсатымен қатыса алады.

Сабақ кезінде оқытушыларға олардың жұмысы жөнінде ескерту жасалуға ешкімге рұқсат етілмейді.

Оқушыларды қабылдау ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен қабылдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдауды қабылдау комиссиясы белгіленген тәртіппен өткізеді. Колледждегі оқу сабақтары директор бекіткен оқу кестесі бойынша өткізіледі.

Оқу кестесі бір семестрге жасалып, оқу ғимаратының көрнекті жеріне оқу басталудан 1 апта бұрын ілініп қойылады.

Әр сабақ басталғанға дейін оқытушылар, лаборанттар қажетті оқу құралдарын, аппаратураны, жабдықтар мен аспаптарды дайындап қояды.

Барлық оқу және оқу-өндірістік бөлмелердегі тазалық пен тәртіпті комендант пен колледждің шаруашылық жөніндегі меңгерушісі қамтамасыз етеді.

Әр оқу тобына директордың бұйрығымен оқу жылына топ басшысы тағайындалады.

Оқу орындарындағы басқаруды демократияландырудың жаңа тенденцияларына сәйкес төраға басқарған топ кеңестері сайлана алады. Күндізгі бөлімнің топ кеңесі топ жетекшісімен бірге сабақтарда тәртіп пен жұмыс атмосферасы болуына жауап береді.

Топ басшысы (оқушылар кеңесінің төрағасы) міндеттері:

Топ басшысына топта оқу-тәрбие жұмысын орындауды қадағалау міндеті тапсырылады.

  • топтағы үлгерім мен сабаққа қатысты бақылау;
  • тәртіп орнату, топ оқушыларына оқулықтар мен оқу құралдарын уақытында тарату, түрлі шараларды ұйымдастыру мен өткізу.

Әр оқу тобына белгіленген формадаға оқу сабақтарының журналы жүргізіледі. Журнал оқу бөлімінде сақталады және топта сабақ өтетін оқытушыға немесе топ басшысына беріледі.

Оқу тобының әр оқушысының міндеттері:

  • теориялық білім мен практикалық дағдыны игеру;
  • оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау; оқытушының барлық тапсырмаларын өз бетімен орындай білу;
  • компьютерлік техниканы, компьютерлік қамту бағдарламаларын, Интернетке шығуды жетік білу; қоғамдық-пайдалы еңбекке, ұжымның қоғамдық өмірде өзіне-өзі қызмет көрсетуіне қатысу;
  • өз бетімен білім алу мен жүйелі түрде айналысу, кітапханаға, оқу залына, колледждің электрондық кітапханасына үнемі барып тұру;
  • ақыл-ой, мәдени, спорттық, қоғамдық сипаттағы түрлі сайыстарға, жарыстарға, олимпиадаларға және басқа шараларға қатысу;
  • тәртіпті, сыпайы болу, оқытушылар аудиторияға кіргенде орындарынан тұру, оқу орнының оқытушылары және қызметкерлерімен бірінші амандасу, таза киіну;
  • колледж ішіңде оқу орнына лайықты классикалық үлгідегі киім кию:

Қыздар – жыл мезгілінің жылы айларында қара, көк түстегі юбка, сарафан, жакет, жилет; ақ түстегі кофта киеді; юбка, сарафанның ұзындылығы тізеден 5-7 см. – ден жоғары болмауы керек.

Жыл мезгілінің салқын кездері: классикалық үлгідегі костюм, шалбар киюге болады.

Облыс, қала көлемінде, колледжде өтетін салтанатты жиындарда, ашық сабақтарда, сайыстар мен байқайларда, мерекелік шаралар өтетін кезде бір үлгіде тіктірілген біріңғай галстук тағылады.

Ұлдар – классикалық үлгідегі қара, көк шалбар, ақ, көк түстегі көйлек киеді.

Жыл мезгілінің салқын кездері: классикалық үлгідегі костюм, бір түстегі көйлек (ақ, көк т.б.) киюге болады.

Түрлі діни ағымдарының киім үлгілерін, соның ішінде «хиджаб» киюге, сақал жіберуге, оқу процесі кезінде мешітке баруға рұқсат берілмейді.

  • оқу орнында, сонымен қатар өндірістік практика кезінде ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
  • колледж меншігіне ұқыпты қарау;
  • сабаққа қажетті оқу құралдарымен келу.

Жасы 18 – ге толмаған оқушыға кешкі мезгілде сағат 22 – ден кейін көшеде, кафе- барларда жүруге болмайды.

Колледж ішінде, қоғамдық орындарда тәртіп бұзған, ішкі тәртіп ережелеріне бағынбаған, ішімдік ішкен, темекі, насыбай тартқан оқушыларға айып пұл салынып, төлетіледі, оқудан шығарылады.

Ата-аналарының жұмыс орындарына баласының тәртіпсіздігі туралы хат жіберіледі.

Тәртіпсіздік көрсеткен оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес тәртіптік шара қолданылады.

Оқушыларды, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін, сабақтан босату директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының рұқсатымен жүргізіледі.

Ауырып қалуы не басқа жағдайларда сабақтан себепті қалса, оқушы 3 күн ішінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына, бөлім меңгерушісіне не топ жетекшісіне хабарлауға, кейін қалған күндерін өтеуге міндетті.

Сабаққа бір семестрде себепсіз қатарынан 8 күн (48 сағат) келмеген оқушы колледжден шығарылуға тиісті.

Бәр семестр бойынша барлығы 48 сағат жіберген бюджет бөлімінің оқушысына стипендия төленбейді.

Колледжде оқып жүрген жасы 18-ге толмаған оқушы үйленген немесе тұрмысқа шыққан жағдайда оқудан шығарылады.

Жақсы үлгерімі, өндірістік оқудағы жоғары көрсеткіштері, үлгілі тәртібі мен қоғамдық жұмыстарға белсенділігі үшін оқушыларға төмендегі марапаттаулар белгіленеді:

  • алғыс;
  • Құрмет кітабына, Құрмет тақтасына енгізу;
  • мақтау қағазы;

Марапаттауды оқу орнының әкімшілігі педагогикалық кеңеспен, басқа қоғамдық ұйымдармен келісе отырып жүзеге асырады.

Оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін бұзғандығы үшін оқушыларға төмендегі тәртіптік жазалау шаралары қолданыла алады:

а) ескерту (оқытушы не топ жетекшісі жасайды);

ә) тәртібі бойынша бағасын төмендету (семестр аяғында топ жетекшісі белгілейді);

б) сөгіс (директор бұйрығымен хабарланады);

в) оқу орнынан шығару.

Оқушыны оқу орнынан шығару, сонымен қатар қайта қабылдау директор бұйрығымен жүргізіледі.

Үлгермеуі, оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін бұзғандығы үшін, сонымен қатар жеке жағдайларда оқудан шығару, оқушыларды оқуға қайта қабылдау оқу орнында оқу орнының педагогикалық кеңесінде талқыланғаннан кейін, қоғамдық ұйымдар пікірін ескере отырып жүргізіледі.

Басқа оқу орнынан бюджет бөлімінен колледжге аусып келген оқушы бірінші оқу жылы ақылы бөлімге қабылданады, содан кейін үздік үлгеріміне, қоғамдық көпшілік шараларға белсенді араласуына байланысты, облыстық білім басқармасының рұқсатымен, бюджет бөліміне ауыса алады.

 

Колледж педагогикалық кеңесінде талқыланды

                                                                                     

Сабақтың уақыты:    

I пара       -      08.30 - 10.00

II пара       -     10.15 - 11.45

III пара      -     12.00 - 13.30

IV пара      -     13.45 - 15.15

V пара      -      15.30 - 17.00

VІ пара     -      17.15 - 18.45     

 

КҮНДІЗГІ ОҚУ БӨЛІМІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ:

31.08.2015 – студент қатарына қабылдау;

01.09.2015 – Білім күні;

01.09-29.12- I семестр:

25.12-06.01- қысқы сессия.

Барлық оқу апталар: теориялық білім алу – 16-19 апта,

                              Қысқы емтихандық сессия – 2 апта,

                              Қысқы демалыс – 2 апта

12.01-10.06 – ІІ семестр:

05.06 – 20.06 жазғы сессия I-III курс студенттеріне;

Барлық оқу апталар: теориялық білім алу – 16-22 апта,

                              Жазғы сессия – 2 апта,

                              Жазғы демалыс – 9 апта

 

СЫРТТАЙ ОҚУ БӨЛІМІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ:

25 қыркүйек  –  студент қатарына қабылдау

13.10 – 23.10 – I курс студенттеріне арналған кіріспе сессия.

05.01 – 20.02 – II-IV курс студенттеріне қысқы сессия

04.05 – 25.06 – жазғы  сессия

15.06 – 20.06 – диплом жобаларды қорғау