Наурыз-көрісу мерекесіне дейін қалған уақыт:
2
2
2
2
Күн
0
0
5
5
Сағат
0
0
4
4
Минут
1
1
8
8
Секунд
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

 

Колледж түлектерін жұмыспен қамту

 

Жаңаөзен мұнай және газ колледжiнде оқу тәжiрибелері Мемлекеттiк стандартқа сәйкес жасақталған бағдарламалар бойынша өткiзiледi, оқу-өндірістік кестесі және оқу жоспары бойынша жасалынады.

Болашақ мамандарды дайындауда оқу процесін өндіріспен байланыстыру – басты мәселе. Өйткені, оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындағы байланыссыз білікті мамандар даярлау мүмкін емес.

Оқу орнының мамандарды даярлау үшін оқу базасы бар. Колледж қабырғасында сапалы білім мен кәсіптік дағдыны игеру үшін барлық жағдай жасалған. Мамандық алу үшін  барлық мамандықтар бойынша өндірістік тәжірибелерді өткізу жөнінде оқу орны мен өндірістік мекемелер арасындағы екі жақты келісім- шарттар жасақталып, бекітілген.

Колледждін базалық кәсіпорны болып «Өзенмұнайгаз» АҚ табылып келеді. Осы мекемеден басқа «Өзенпромгеофизика» АҚ, «Казтрансойл» АҚ БФ ММБ, «Бұрғылау» ЖШС, «Жөндеу» ЖШС, «Қазақ ГӨЗ» ЖШС, «Круз» ЖШС, Маңғыстау жолдар бөлімі ,«Қазақстан темір жолы»,  МК «Жаңаөзен қалалық білім беру бөлімі», ЖШС «Кұрманғазы Петролиум», ЖШС «Н Оперейтинг Компани» әлеуметтік серіктестік мекемелері болып табылады.

Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің түлектерін жұмысқа орналасуы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы төмендегі ақпараттарды ұсынамыз:

- түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша колледж әкімшілігі барлық шараларды жасауда, атап айтқанда жұмысшы мамандық алу және технологиялық тәжірибені өтуші студенттерге көп коңіл бөліп, оқуды аяқтаған соң, кәсіпорын басшыларымен  тәжірибеден өткен студенттерді жұмыспен қамтамасыз етуге келісім-шартқа отыруға жұмыстанудамыз (ЖШС «Бұрғылау» тәжірибеден соң жұмысқа 3 студент алынды),

- жұмыспен қамту бөлімі арқылы сұраныстар жасақтап, бітірушілерді жұмысқа орналастыруда колледж әкімшілігі базалық кәсіпорындарға  сұраныстарын жібереді,

- жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал етуі бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда 10 желтоқсан 2015 ж колледж ұстаздарының ұйымдастыруымен бітіруші топ оқушыларымен «Жастар арасындағы жұмыссыздық проблемалары» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Оған Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту ақционерлік қоғамы, «Рухани Мирас» қоғамдық бірлестігі, Жаңаөзен қалалық Жастар орталығы мамандары қатыстырылды,

- колледж желілерін, сонымен бірге кейбір мамандықтарды оңтайландыру бойынша әкімшілік тарапынан жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда мұнай-газ мамандықтарына сұраныстың болмау себебінен,  жаңа мамандықтарды ашуға жұмыстар жүргізілуде.

Дуальдық оқыту жоспарына сәйкес, оқушылар көп уақытын мекемеде өткізіп, тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады және оқуын аяқтағаннан  кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі туады.

2014-2015 оқу жылынан бастап, 0819000 Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы мамандығы бойынша ЖШС «КазГӨЗ» мекемесімен дуальдық оқу жүйесін енгізуге келісім-шарт жасақталды.

Қазіргі уақытта мамандарды күн сайын дамып отырған ұлттық экономиканың өндірістік қажеттіліктеріне сәйкес даярлаумен және де еңбек нарығындағы шынайы сұраныспен байланысты оқу орны мен мекеменің өзара әрекет етуінің жаңа үлгісін жасау қажеттілігі туды. Тек осындай одақтастыққа қол жеткізе отырып, біздің бітірушілеріміздің өндірістік тәжірибеден жақсы өтуіне және жұмысқа орналасатынына сенім білдіруге болады.

Біз тәжірибені ұйымдастырғанда, оқушыларды таңдап алған кәсібі бойынша мамандануын қамтамасыз етуге, олардың өндірістік біліктілігін арттыруға жағдай жасауға, сонымен қатар материалдық ынталандыруға тырысамыз.

Тапсырушылар ұсынған талаптарға сай  орта буын мамандарын дайындау оқу орны мен өндірістің өзара тиімді әрекетінсіз мүмкін емес. Ең басты міндет – маманды қалыптастырумен байланысты мәселелерді кешенді шешу.

Жедел шешуді қажет ететін мәселелердің бірі – оқу орны мен мекемелердің әлеуметтік қатынасын заңдастыру болып табылады.  Мұндай қатынас болмаса, тікелей, жанама байланыс түріндегі өзара әрекет ету жолдарын іздестіру қажет болады.

Еңбек нарығы, әсіресе, соңғы 10 жыл ішінде өзгерді, және де біздік өнеркәсіптерді дамытып, қайта құрусыз, өндіріске жаңа технологиялық жабдықты енгізбей, еңбек нарығының мониторингін жасамай, біліктілігі жоғары мамандарға деген сұраныс деңгейін анықтамай, ұлттық экономиканы нығайту мүмкін емес. Кәсіптік дайындау бойынша негізгі мамандар мемлекеттік стандартқа және кәсіптер классификаторына сәйкес сақталған.

Қазіргі уақытта мамандарды күн сайын дамып отырған ұлттық экономиканың өндірістік қажеттіліктеріне сәйкес даярлаумен және де еңбек нарығындағы шынайы сұраныспен байланысты оқу орны мен мекеменің өзара әрекет етуінің жаңа үлгісін жасау қажеттілігі туды. Тек осындай одақтастыққа қол жеткізе отырып, біздің бітірушілеріміздің өндірістік тәжірибеден жақсы өтуіне және жұмысқа орналасатынына сенім білдіруге болады.

 

 

 

Түпнұсқасын жүктеп алыңыз  pdf