Наурыз-көрісу мерекесіне дейін қалған уақыт:
2
2
2
2
Күн
0
0
5
5
Сағат
0
0
6
6
Минут
2
2
7
7
Секунд
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

 

 

2015-2017 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бейімдеудің Жол картасына сәйкес О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі  бойынша бейімделу жобасы

 

Қазіргі таңда колледжде 19 мамандық бойынша оқу-тәрбие процестері жүруде.

Олар мына салалар: мұнай-газ ісінің мамандықтары, темір жол, азаматтық және жол құрылыстары, қызмет көрсету мамандықтары, бағдарламалық қамтамасыздандыру, энергетика салалары.

 

Мамандықтардың атауы және коды

Оқыту тілі

Оқу мерзімі

1

0507000 Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру.

050706 3 Қызмет көрсету бойынша менеджер

Қаз.

2 жыл 6 ай

3 жыл 6 ай

2

0510000 Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары бойынша).

051002 3 Іс қағаздарын жүргізуші.

Қаз.

1 жыл 10 ай

2 жыл10 ай

3

0518000 Есеп және аудит (салалар бойынша).

051803 3 Экономист-бухгалтер.

Қаз.

1 жыл 10 ай

2 жыл10 ай

4

0701000 Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлау.

070107 3 Техник-геолог.

Қаз.

2 жыл8 ай

3 жыл 8 ай

5

0801000 Мұнай және газ скважиналары және бұрғылау жұмысының технологиясы (бейін бойынша).

080114 3 Техник-технолог.

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай

6

0802000 Мұнай  газ құбырларын мен қоймаларын салу және пайдалану.

080204 3 Техник-механик

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай

7

0805000 Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау.

080502 3 Техник-технолог.

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай

8

0807000 Мұнай және газ өнімдерін техникалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету.

080703 3 Техник-механик.

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай

9

0808000 Мұнай өңдейтін және химиялық өнеркәсіп жабдықтарын техникалық күту және жөндеу (түрлері бойынша).

080803 3 Техник-механик.

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай

10

0809000 Мұнай мен газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)

080922 3 Техник-технолог.

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай

11

0819000 Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы.

081907 3 Техник-технолог.

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай

12

0901000 Электр станциялар мен желілерінің (түрлері бойынша) электр жабдығы.

090104 3 Техник-электрик.

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл10 ай

13

0911000 Электр және электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу.

091101 3   Электромеханик.

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай

14

1108000 Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша).

110821 3 Механик.

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай

15

1203000 Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару.

120305 3 Техник.

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл 10 ай

16

1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша).

130203 3 Электромеханик.

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл10 ай

17

1304000 Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша).

130404 3 Техник-бағдарламашы.

Қаз.

2 жыл 10 ай

3 жыл10 ай

18

1401000 Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану.

140121 3 Техник-құрылысшы.

Қаз.

2 жыл 6 ай

3 жыл 6 ай

19

1410000 Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану.

141001 3 Техник-құрылысшы.

Қаз.

2 жыл 6 ай

3 жыл 6 ай

 

Енді, заман талабына сай, колледж мамандықтарын бейіндеу мақсатында төмендегі көрсетіліп тұрған мамандықтар бойынша оқытуды, осы мамандықтардың білім сапасын одан әрі жетілдіруді, нақтылауды жоспарлап отырмыз.

 

  1. 0518000 – «Есеп және аудит» (салалар бойынша) - 2 ж.10 ай. 051802 3 - Бухгалтер-ревизор (аудитор) 051803 3 - Экономист-бухгалтер 
  2. 0701000 – «Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау» (түрлері бойынша) – 3 жыл 8 ай 070107 3 - Техник-геолог;
  3. 0801000 – «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» (бейін бойынша) 3жыл 10 ай 080114 3 - техник-технолог;
  4. 0802000 – «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану» - 3жыл 10 ай 080204 3 - Техник-механик.
  5. 0805000 – «Мұнай және газды тасымалдау және сақтау» - 3жыл 10 ай 080502 3 - Техник-технолог.
  6. 0807000 – «Мұнай және газ өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» 3жыл 10 ай 080703 3 - Техник-механик.
  7. 0808000 - «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» (түрлері бойынша) 3жыл 10 ай 080803 3 - Техник-механик
  8. 0809000 - «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» (бейін бойынша) 3жыл 10 ай 080922 3 - техник-технолог;
  9. 0819000 - «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» 3жыл 10 ай 081907 3 - техник-технолог;
  10. 0901000 – «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» (түрлері бойынша) 3жыл 10 ай 090104 3 Техник-электрик
  11. 0911000 – «Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» (түрлері бойынша) – 3жыл 10 ай 091101 3 - электромеханик
  12. 1302000 – «Автоматтандыру және басқару» (бейін бойынша); 3жыл 10 ай 130202 3 - электромеханик;

 

Негіздеме:

О. Тұрмағанбетұлы  атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі базасында 2000 жылдың 14 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің №334 бұйрығымен бекітілген «Мұнайхимия өндірісі технологиясы», кейін 2007 жылдың 13 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің №191 бұйрығымен өзгертіліп бекітілген «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің шығармашылық тобы жұмыс жасайды.

Республикалық Оқу-әдістемелік бірлестігінің шығармашылық тобы еліміздің экономикасының дамуына сай, орта буын мамандарына деген өндірістің сұранысына және өндіріске енгізіліп отыратын жаңа технологиялар мен жабдықтықтарды пайдалану жолдарын игерген, мамандар дайындауды қамтамасыз ететін үнемі жетілдіріліп отыратын, мұнай және газ саласы мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті қазақстандық стандарттарын және соған сәйкес типтік білім беру бағдарламаларын 15 жылдан бері жасақтап, оларды республика көлемінде таратып, сұранысқа ие болып келеді.

Колледждің инженер-оқытушыларының білім-білік, шығармашылық деңгейлері жоғары, тәжірибелі мамандар.

Мемлекеттік білім беру стандарттарының, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің авторлары.

Студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуге толықтай мүмкіндері бар, 15 –тен артық мұнай өндірістік компаниялар Жаңаөзен қаласына жақын жерде орналасқан.

Колледждегі мұнай-газ ісі мамандықтарының оқу кабинеттері мен лабораторияларының, слесарлық-механикалық зертханасының материалдық-техникалық базасы толықтай, заман талабына жабдықталды, оған дәлел соңғы 5 жылдың ішінде республикалық, облыстық және Дүниежүзілік банк қорынан барлығы 151,0 млн. теңге бөлініп, игерілді, керек лабораториялық стенділер, қүрал-жабдықтар т.б. материалдық құндылықтар алынды.

2015 жылдың желтоқсан айында колледж аккредитациядан ойдағыдай өтті.

Осындай себептерді ескере отырып, Жаңаөзен мұнай және газ колледжін классификатор негізінде мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша оқытатын бірден-бір оқу орны ретінде тағайындауға болады деп есептейміз.

Маңғыстау облысы бойынша, келешекте, тек Жаңаөзен мұнай және газ колледжі мұнай-газ салалары бойынша оқытатын бірден-бір оқу орны болған жағдайда, жұмыспен қамтамасыз етуде проблемалар көп болмас еді деп айтуға болады.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарына сәйкес салынуға тиісті студенттер жатақханасы салынған жағдайда, немесе мұнай - газ колледжінің 2-ші оқу ғимараты реконструкциядан өткен кезде, осылай бір қалада оқыту қиын болмас еді деп ойлаймыз.

Мына төмендегі  мамандықтарды оқытуды жоспарлауымыз тегін емес, себебі осы мамандықтар мұнай-газ ісі мамандықтарымен бірге 1985 жылдан бері оқытылып келеді және мамандықтар арасында тығыз байланыс бар деп есептейміз,

яғни мұнай-газ саласының есебі, мұнай-газ саласын энергиямен камтамасыз ету және автоматтандыру.

  1. 0518000 – «Есеп және аудит» (салалар бойынша),
  2. 0901000 – «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» (түрлері бойынша)
  3. 0911000 – «Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» (түрлері бойынша)
  4. 1302000 – «Автоматтандыру және басқару» (бейін бойынша);

19 мамандықтың 7-і келешекте жабылуға тиісті, ол мамандықтардың мамандары көрші колледждерге ауысуына болады немесе басқа қызмет қарауына болады.

Сонымен қатар қазіргі таңда колледжде оқытылмай жатқан төмендегі мұнай-газ мамандықтарын келешекте  колледж базасында дайындауға болады:

  1. 0803000 – «Компрессорлық стансалардың және жерасты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсету»;
  2. 0804000 – «Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждаушы»;
  3. 0806000 – «Скважиналарды мұнай мен газға сынау».

және еліміздегі мұнай-газ саласы өндірістеріне шетелдік жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты орта буынды мамандарды қажет ететін жаңа мамандықтарға сұраныс пайда болғандықтан, «Техникалық және кәсіптік, Орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіне» жаңадан енгізілген:

  1. 0821000 – «Мұнай және газ өндіру технологиясы»;
  2. 0822000 – «Кен орындарын пайдалану»;
  3. 0823000 – «Химиялық инжиниринг технологиясы»;
  4. 0824000 – «Бұрғылау технологиясы»;
  5. 0825000 – «Газ инжинирингі технологиясы»;
  6. 0829000 – «Энергетиканы қайта өңдеу және электроэнергетикалық инжиниринг технологиясы»

Негіздеме: Бұл мамандықтардың үлгілік оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларын «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің  шығармашылық тобы мемлекеттік және орыс тілінде дайындаған, ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 312 бұйрығымен бекітіліп, қолданысқа енгізілді (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылғы 28 тамыздағы № 9705 тіркелді).

Жоғары айтылғандарды қорыта келіп, төмендегідей шешімдер жобасын ұсынамын:

  1. О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің республика көлемінде Оқу-әдістемелік бірлестік болуына байланысты, классификатор негізінде, мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша оқытатын бірден-бір оқу орны ретінде тағайындауға ұсыну.
  2. 2015-2016 оқу жылында мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша Жаңаөзен мұнай және газ колледжіне мемлекеттік тапсырыстар беруге жұмыстану.